Меню KDT

Новости

Главная Новости

29.05.2026

"Түлек-2026"

"Түлек-2026" психологиялық акциясының іс-шаралар жоспарына сәйкес лицей педагогтары 11 сынып оқушыларына "Алға, түлек 2026"ізгі тілектер тізбегін дайындады.

28.05.2026

11-сынып оқушыларына арналған «Білімім — Отаныма!» атты қорытынды салтанатты іс-шара

Мектебімізде 11-сынып оқушыларына арналған «Білімім — Отаныма!» атты қорытынды салтанатты іс-шара өтті.

28.05.2026

4-сынып лицейшілері орта буын корпусына барды, онда олар үшін станциялар бойынша қызықты квест ұйымдастырылды

15 мамырда 4-сынып лицейшілері орта буын корпусына барды, онда олар үшін станциялар бойынша қызықты квест ұйымдастырылды. Әр станцияда балаларды білімдерін, логикасы мен тапқырлығын тексеретін қызықты тапсырмалар мен сұрақтар күтіп тұрды.<br />Балалар үлкен қызығушылықпен сынақтан өтті, командаларда жұмыс істеді, тапқырлық пен белсенділік танытты. Сәтті орындалған тапсырмалар үшін қатысушылар ізденіс барысында толқумен жиналған жетондар мен монеталарды алды.<br />Іс-шара балаларға жарқын эмоциялар, жақсы көңіл-күй сыйлады және орта буын корпусымен жақынырақ танысуға тамаша мүмкіндік болды.

27.05.2026

1 сыныпқа қабылдау

<img src="//cdn1.kdt.kz/files/sites/1769596521743151/files/ChatGPT%20Image%2030%20%D0%B8%D1%8E%D0%BB.%202026%20%D0%B3.%2C%2016_04_14.png" alt="" width="1065" height="1200" />

27.05.2026

Далалық оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізу туралы

2026 жылдың 18.05 -21.05 мамыры аралығында М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (ро) базасында Шу ауданының шақыру жасына дейінгі және шақырылу жасындағы жас өспірімдерімен далалық оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығымен 5 күндік оқу дала жиыны 10 сынып оқушыларымен өткізілді. Оқу дала жиыны жоспар бойынша 30 сағатты қамтыды. Оның ішіне тактикалық дайындық, саптық дайындық, атыс дайындығы, әскери топография, ҚРҚК басқа да әскердері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары секілді тараулар қамтылды. Және қыздарға алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтары жүргізілді.Жиын өткізу барысында оқушылар жақсы нәтиже көрсетіп, өздерінің бойына әсери қызметке дайындау саласында, мылтықтан түрлі қалыптарда атыс тәсілдері, химиялық және биологиялық қарудан қорғану, химиялық және биологиялық қарудан қорғану және әскери патриоттық тәрбие бойынша білімдерін жинақтады.Нәтижесінде оқушылар мадақтау қағаздарымен марапатталды.