Мектебіміздің көркем еңбек пәнінің мұғалімі, облыстық конкурстардың жеңімпазы Нурлыбек Оразбекович Акмаганбетов пен облыстық қолөнер байқауының жеңімпаздары 6-сынып оқушылары Мұрат Ерасыл, Ускенбаев Шыңғыс облыстық «Ертіс» телеарнасының таңғы бағдарламасында қонақта болды. Әңгіме String art сәндік өнері туралы өрбіді. Нурлыбек Оразбекович бұл өнермен айналысатын облыс бойынша жалғыз шебер екенін баса айтқымыз келеді.
26.02.2024ж 8,9сынып оқушылары арасында «Мамандықтар әлеміне саяхат» атты, кәсіптік бағдар беру бойынша сыныптан тыс жұмыс жүргізілді. Жұмыс барысында оқушыларға қазіргі заманғы жаңа мамандықтар таныстырылды. Мамандақ таңдау барысында неге мән беру керек екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
14- наурызда "Нижнеборлық МББК" КММ-де Наурыз мейрамын мерекелеу бойынша іс-шаралар басталды. "Амал келді-Жыл келді" атты мерекелік жиыны өткізілді. Жиында Көрісу күні мерекесінің тарихы туралы айтылды, мектеп бойынша іс-шаралар жоспарымен таныстырылды, оқушылар мен әріптестерді құттықтады.