05.03.2024 ж 9-сынып оқушылары үшін «А.Байкенов атындағы машина жасау және көлік» колледжінің өкілдерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті. Кездесу барысында студенттер колледжде қандай мамандықтар алуға болатынын және оқу мерзімімен танысты. Кездесуде оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды, сонымен қатар барлығы колледж туралы ақпарат жазылған кітапшаға ие болды
Наурыздың 5-сі күні Мәдениет орта мектебінде "Қазіргі отбасында балалар шығармашылығын дамытудағы ұлттық ойындардың маңызы"атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті. Ата-ана мен бала арасындағы байланыстың тығыз болуына ұлттық құндылықтарымызды бала бойына сіңіруде ұлттық ойындардың маңызы өте зор.Ата-аналар үйде балаларымен бос уақыттарын қалай өткізетіні туралы сөз қозғалып,оны қаншалықты тиімді болуы туралы ой бөлісті.