«Мамандыққа жол» атты баспасөз конференциясы

Шу ауданы білім бөлімінің "Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)" КММ

2026ж 19-мамыр күні «Үсік жүрек реанимациясы антисептик» тақырыбында 10 сынып қыздарымен іс-шара өткізілді. Сонымен қатар іс-шара барысында кәсіптік бағдар — оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмектесу жұмысыда жүргізілді.

Мақсаты:

Қабілетті анықтау. Қызығушылықты зерттеу.Мамандықтармен таныстыру. Болашақты дұрыс жоспарлауға көмектеседі.Өз қабілетіне сай мамандық таңдауға бағыт береді. Сенімділік қалыптастырады.

Сәлемдесу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтып сәлемдесті.Сұрақ-жауап арқылы оқушылар өз ойларымен бөлісті. Мен қандаймын тренинг жүргізілді. Топтық жұмыс-«Арман картасы» қыздар болашақтағы армандарын постерге салып оны түсіндірді.Сауалнама алынды.

Үсік — суықтың әсерінен тері мен дене тіндерінің зақымдануы. Көбіне қол, аяқ, мұрын, құлақ үсиді.

Белгілері: Терінің ағаруы немесе көгеруі.Ұю, жансыздану Ауырсыну .Терінің қатуы.Алғашқы көмек: Зардап шегушіні жылы жерге кіргізу Жылы сусын беру. Үсіген жерді ақырын жылыту.Қатты ысқыламау.Жүрек реанимациясы — адамның тынысы немесе жүрек соғысы тоқтағанда көрсетілетін шұғыл көмек көрсету керек.

1. Адамның есін тексеру.2. Жедел жәрдем шақыру (103).3. Тынысын тексеру

4. Кеуде тұсына массаж жасау.5. Жасанды тыныс беру.6.Кеуде массажы:

Қолды кеуде ортасына қою.Жылдам әрі терең басу. Шамамен минутына 100–120 рет.Антисептик — микробтарды жоюға арналған құрал. Қолданылуы: Қолды тазарту Жараны өңдеу Инфекцияның алдын алу Қолдану ережесі:Қолға жеткілікті мөлшерде жағу 20–30 секунд.

Қорытынды:

Қымбатты қыздар! Сендер – болашақтың жарқын иесісіңдер. Әрқайсыңның жүректеріңде ерекше талант, асқақ арман, үлкен күш бар. «Бүгінгі еңбек – ертеңгі жетістік».Сендердің болашақтарың өз қолдарыңда!

19 мамыр күні Совет орта мектебінде Оқушы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оқушылар үшін көңілді ойындар, шығармашылық тапсырмалар, байқаулар мен танымдық белсенділіктер ұйымдастырылып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй, жағымды эмоциялар сыйлап, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік берді. Мереке достық пен жылылыққа толы атмосферада өтіп, оқушыларды, педагогтер мен сынып жетекшілерін бір арнаға тоғыстырды. Оқушы күні мектеп өміріндегі жарқын оқиғалардың бірі болып, барша қатысушыларға достықтың, өзара қолдаудың және мектеп өміріне белсенді қатысудың маңыздылығын еске салды.
18 мамыр күні Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінде «Сапаны сақтау» жобасы аясында бірыңғай ата-аналар жиналысы 4 және 5 – сыныптарда өткізілді. Жиналыстың мақсаты – білім сапасын арттыру, оқу жетістіктерін сақтау, оқушылардың оқу мотивациясын күшейту және ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
«Сенімділік пен амандық аумағы» тақырыбындағы іс-шаралар жоспары аясында «Тыныштық — менің күшім» атты психологиялық апталық бастау алды. 18 мамыр күні «Эмоциялармен танысу: мен не сезінемін?» күні өтті. Оқушылармен «Қандай эмоциялар болады?» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Кездесу барысында балалар өз сезімдерін тануды, эмоционалдық күйлерді түсінуді және олар туралы айтуды үйренді. Іс-шара соңында оқушылар «Эмоционалды мандала» жаттығуын орындады. Бұл жаттығу эмоцияларды сезінуге және білдіруге, ішкі шиеленісті төмендетуге, сондай-ақ ішкі тыныштық пен үйлесімділік сезімін қалыптастыруға бағытталды.