Бүгін - көктемнің алғашқы күнімен тұспа тұс келген Алғыс айту күні. Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Биыл атаулы мейрам елімізде 8-ші жыл қатарынан аталып өтуде. Қыстан аман шыққан халықты өткеніне салауат айтып, бүгініне шүкір етіп, айналасына Алғыс айтуға шақыратын мейірім мен ізгіліктің мерекесі береке-бірліктің бастауы болғай.

Жадырап жеткен көктем көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, мерейлеріңізді өсірсін! Шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, еселі еңбектеріңізге табыс тілеймін. Мереке мерекеге ұласып, ел аман, жұрт тыныш болсын!

«Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2024» байқауының «Шабыт» номинациясы бойынша мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі Кенченбаев Ермухамбет Жумажанович марапатталды
«Көркем еңбек сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім алушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты облыстық семинар-практикумде көркем еңбек мұғалімі Акмаганбетов Нурлыбек Оразбекович өз тәжірибесімен бөлісті
Сарыарқа самалы газетінің «Айналайын» қосымшасында жарық көрді.