2024 жылғы 23 ақпан күні Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік кабинеттер меңгерушілеріне, облыстық мамандандырылған және жалпы білім беру ұйымдарының басшыларына, орынбасарларына және барлық педагогтеріне арналған кезекті әдістемелік консалтинг өткізді.
"Пески орта мектебі" КММ әлеуметтік педагогі Т.Э. Мынбаев 3 сынып оқушылар арасында "Теріс субмәдениеттердің таралуының алдын алу және әлеуметтік желілерде, соның ішінде "TikTok" және "Discord"деструктивті және теріс контент құрудың алдын алу" тақырыбында бейнеролик жіберді.
2024 жылғы 22-23 ақпан күні Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту Министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Астана қаласындағы «Зерделі» ақыл-ой білім беру орталығымен бірлесіп «Алтын тұғыр» бастауыш сынып педагогтеріне арналған педагогикалық олимпиаданың республикалық кезеңін өткізді. Павлодар облысының командасын 8 педагог ұсынды. Қатысушылар үшін екі күндік тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.
"Ертегілер әлеміне саяхат" тақырыбында "Мақта қыз бен мысық" ертегісін сахналады .