Меню KDT

Новости

Главная Новости

12.04.2024

Мектебімізде 12 сәуір - ғарышкерлер күніне орай «Ғылыммен ғарышқа» атты оқушыларымыздың қолдан жасаған көрмесі ұйымдастырылды.

 Көрме ақпаратымыз адамзаттың ғарышты игеру тарихын жан-жақты таныта білуге арналған. Мақсаты- ғарышкерлер күні туралы түсініктерін кеңейту, ғарыш, ғарыш кемесі, ғаламшар, аспан денелері ұғымдарын қалыптастыру.

12.04.2024

ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

<p>2024 жылғы 11 сәуір күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Тіл тұғырым» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті және бастауыш сынып педагогтері үшін «Білім алушылардың эссе жазу дағдыларын қалай қалыптастыруға болады?» тақырыбында семинар – практикум өткізді.</p><p>Шығармашылық ойлауды және білім алушылардың ойларын жазбаша баяндауды қалай дамытуға болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін облыс педагогтері эссе жазу бойынша өздерінің педагогикалық зертханаларын ұсынды. Жоғары сыныптарда эссе жазудың заманауи тәсілдері, педагогикалық технологиялары қарастырылып, интеллект – карталарды пайдалану, зерттеу дағдыларын дамыту, ПОПС, РАФТ, SEE тәсілдері, білім алушы эссе жұмыстарының портфолиосын қалыптастыру сияқты қызықты тәсілдер мен әдістер ашылды.</p><p>Семинар-практикум соңында әдістемелік ұсынымдар, бастауыш және жоғары сыныптарда  эссе жазу алгоритмі берілді.</p>