<p>Балалар әдебиеті апталығының бесінші күні "Ертегі кейіпкерлерінің Дым білмеспен саяхаты " деген тақырыпта өтті.Оқырмандар "бауырсақ!Қоян мен қасқыр,аю, әтеш атты"ертегілерді сомдап Н.Носовтың "Дым білмес" мультфильмін тамашалады.</p>
Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын 7-сәуірде атап өтіледі және денсаулығына қамқорлық жасайтын әрбір адам үшін маңызды. Денсаулық күні қарсаңында 4-сынып оқушылары аға тәлімгермен бірге "Біздің денсаулығымыз өз қолымызда"атты түрлі-түстермен боялған қабырға газетін шығарды
Жаратылыстану-математика ғылымдары саласындағы білімдерін кеңейту мақсатында 2024 жылғы 8-19 сәуір аралығында "Нижнеборлық мектеп-бөбекжай-бақша кешені" КММ жаратылыстану-математика ғылымдарының онкүндігі өтуде. 8 сәуірде ЖМО ғылымдар онкүндігінің салтанатты ашылу жиыны өткізілді. Оқушылар үшін логика бойынша "Бір күннің міндеті" байқауына материал дайындалды.
<p>Бүгін 08.04.2024 ж мектебіміздің 5-11 сынып оқушыларымен ЖПҚ инспекциясының инспекторы полиция майоры Бекболатов Р.Б. жол қозғалысы ережелері бойынша нұсқаулықтар жүргізді.</p><p> Бұл шараның мақсаты – балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтауды, сонымен қатар қауіпсіздік шараларын сақтауды ескерту.</p>
<img src="//cdn1.kdt.kz/files/sites/1459271501016448/files/%D0%90%D0%A1%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B0/%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%BB%D1%96%D0%BA%20%D1%96%D1%81%20%D1%88%D0%B0%D1%80%D0%B0/%D0%98%D0%B7%D0%BE%D0%B1%D1%80%D0%B0%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%20WhatsApp%202024-05-21%20%D0%B2%2012.19.55_f0d4cd73.jpg" alt="" width="326" height="244" />
13 наурыз күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С. Н. Пшеничников онкүндік жоспары бойынша " Тезірек, жоғары, күшті!" шағын орталық тәрбиеленушілерімен іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты-физикалық белсенділікті, ептілікті, тапқырлықты, командада жұмыс істеуді дамыту.
14 наурыз күні Көрісу күні-Амал мерекесі, Наурыз мейрамына арналған барлық мерекелік іс-шаралар басталды.