Біздің мектепте 8-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу аясында мектеп түлектерімен, ал қазіргі уақытта жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуге қатысқандар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген Фазлиев Кәрім, қазір Алматы қаласындағы Нархоз магистратурасында оқуын жалғастыруда ; Гизатуллин Виталий- Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің 2 курс студенті; Лавриненко Владислав - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 2 курс студенті; Давыдова Валерия және Самсонова Алена- Көкшетау жоғары медициналық колледжінің ә-курс студенттері.

Біздің студенттер күнделікті өмірі жайында, стипендия, сынақтар, емтихандар және т.б. туралы сөз қозғады.

Сондай-ақ, қонақтар өздерінің оқу орындарында білім алғаннан кейін жастардың алдында ашылатын әлеуеттер туралы айтты.

Келешекте таңдау алдында тұрған орта мектеп оқушыларын ойландыратын мәліметтер көп болды.

Ата-аналар жұртшылығы алдында қоғамдық тыңдаулар өткізілді, оның барысында 1 жартыжылдықта білім алушылардың сапасы мен үлгерімі мәселелері қаралды, "Бірыңғай тәрбие бағдарламасын" іске асыру шеңберінде мектептің тәрбие жұмысына талдау жүргізілді. Әлеуметтік педагог Т.М.Лукьянова және учаскелік инспектор С.С.Афанасенко бірге ата-аналармен сабақ және сабақтан тыс уақытта балалардың қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, кәмелетке толмағандардың бос уақытын жоспарлау және ұйымдастыру туралы айтылды, ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша жұмыс жүргізілді, отбасындағы және баланың қоршаған ортасындағы қарым-қатынастар бойынша ұсыныстар берілді. Педагог-психолог Д.М.Абенова "Отбасылық тәрбие кілттері" шеберлік сабағын өткізді, ата-аналарға отбасылық тәрбие ережелері бойынша кеңестер берілді. Шағын орталықтың тәрбиешісі Е.В.Ткаченко ата- аналардың назарын мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің маңыздылығына аударды, мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін көрсетті.
2024 жылдың 17 қаңтарында №2 Саумалкөл МГ базасында облыстық қоғамдық әскери – патриоттық қозғалысының балалар-жасөспірімдер клубы оқушыларының арасында «Жас сарбаз» әскери – спорттық көпсайыс спартакиадасының аудандық кезеңі өткізілді.