Барлық балалар Жаңа жыл мерекесін асыға күтеді.Бұл тамаша мерекесінің жақындауы бізді керемет және сиқырлы нәрсе туралы ойлануға мәжбүр етеді және бізді мейірімді де көңілді етеді.27 желтоқсан күні мектебімізде Жаңа жылдық шырша өтті.
Балалар үшін Жаңа жыл ең сүйікті, көптен күткен, қуанышты және шынайы мерекелердің бірі. Түрлі - түсті, жарқыраған шамдар мен безендірілген шырша балаларға қуаныш сезімін сыйлады. Келе жатқан 2024 жыл баршаға денсаулық, қуаныш әкелсін, арман- тілектер орындалсын!
<p>«Мектептің жүрегі ұстаз» дегендей білім теңіз, оның тереңін жетік білетін, сырын меңгерген адамдарды дайындайтын тұлға – ұстаз. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деп халқымыз айтқандай саналы да, білімді шәкірт тәрбиелеу, білім сапасының жоғарылауы тікелей ұстазға байланысты.</p><p>«Мәдениет орта мектебі» КММ барлығы 22 ұстаз қызмет атқарады. Барлығы дерлік жоғары білімді, білікті, тәжірибелі мамандар.Оның ішінде 6 педагог-зерттеуші, 5 педагог-сарапшы, 7 педагог-модератор, 3 педагогтің магистр дәрежесі бар.</p>