Бастауыш сыныптар арасында,қорқыныш сезімінен арылуға және өз-өзіне деген сенімділікті арттыруға арналға ойындар мен жаттығулар өтті.

«Кел, жігіттер!» әскерилендірілген спартакиадада мектебіміздің ұлдар командасы 1 орынды иеленді. Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған. Студенттеріміз болашақта озат Отан қорғаушы болатындарын дәлелдеп, жеңіске деген жігерлерін көрсетті.
07.02.2024ж тарих, география және информатика апталығы аясында тарих пәнінің мұғалімі Шагирова Қ. М. 5—8 а сынып аралығында "Тарих патшалығы' интеллектуальдық—тарихи ойынын өткізді
06.02.2024.жылы тарих, география және информатика апталығы өтуде. Тарих пәнінің мұғалімі Шагирова Қ.М. 9"А' сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткізді.
#бір_тұтас_тәрбие
Биылғы жылы ақпан айының 01-07 жұлдызы аралығында балалар мен жасөспірімдер арасында ҚР Чемпионаты Талдықорған қаласында өткен болатын. Солтүстік Қазақстан облысы құрама командасы атынан біздің мектептің 2 оқушысы да қатысты. Олар: 8-сынып оқушысы Ерболат Ибраһим және 9-сынып оқушысы Саттыбаева Наргиз бақтарын сынап, біраз тәжірибе алмасып қайтты.
Үлкен аренаға шығып, қазақ күресінің нағыз дәмін татып, өз көздерімен көпті көрген оқушыларымыздың алған әсері көп.
Әрине, осындай оқушыларды жеңістің тұғырына дайындаған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, дене тәрбиесінің мұғалімі, қазақ күресінің кәсіби маманы Саттыбаев Ринат Нуртаевичке айтар алғысымыз шексіз. Қанаты талмайтын, қазақ күресі десе бар жанымен беріле күресетін жас ұрпақты дайындауда сізге денсаулық тілейміз. Шәкірттеріңіз алда әлі де биік белесті бағындыратынына сеніміміз мол дегіміз келеді.
https://www.facebook.com/profile.php?id=100023833780653