Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында 5-8 сынып оқушыларының чаттарына "Кәмелетке толмағандардың ұрлық, тонау және алаяқтық үшін жауапкершілігі"тақырыбында презентация жіберілді.
Оқушыларды алкогольдің зияны туралы ақпараттандыру мақсатында 5 және 7- сынып оқушыларымен " Алкоголь және адамзат: кім жеңеді?" атты әңгіме болды. Іс-шара барысында оқушылар бейнеролик көрді. Біз басты мәселені талқылап, қорытындыға келдік: "сонымен кім жеңеді: алкоголь немесе адамзат? Бұл өзімізге байланысты, халайық!"
Ағымдағы жылдың 2 ақпанында № 2 Саумалкөл МГ базасында ауданның білім беру мекемелері директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін аудандық әдістемелік кеңестің отырысы өтті.
5-6 сыныптар арасындағы Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінің жұмыстары
2024 жылғы 2 ақпанында «Саумалкөл №2 мектеп-гимназиясы» КММ базасында Айыртау ауданы мектептерінің кәсіптік бағдар берушілері мұғалімдерінің кеңесі өтті. Кеңесте І жартыжылдықтағы жұмыстың қорытындылары қаралып, кәсіптік бағдар беру жұмысының бірқатар маңызды мәселелері талқыланды.