Меню KDT

Новости

Главная Новости

07.12.2023

Қауіпсіз мектеп!

6 желтоқсанда 3 сыныптарда психолог В. В. Ендуткина " біз ренжімейміз бе?» психологиялық сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылармен эмоция мен мінез-құлықты өзін-өзі бақылау сияқты ұғымдар пысықталды. Балалар адам үшін олардың мінез-құлқы мен тәжірибелерін басқарудың дамыған қабілеті нені білдіретінін білді. Сабақтың практикалық бөлігі кезінде балалар "Самурай", "Зиб, заб, зоб", " тыныс алу жолы", "реніш парағы" және "Дания боксы" атты жаттығуларымен тыныс алуды басқаруды және ренжігенде денедегі кернеулерді жеңілдетуді үйренді. Балалар "ұмыту және есте сақтау" әңгімесінің кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін талдады, эмоционалды тәжірибелер біздің мінез-құлқымызға қалай әсер ететінін және достарды кешіру үшін күш таба білу қаншалықты маңызды екенін бағалады. Сабақ соңында олар психикалық денсаулық пен ішкі үйлесімділікті сақтау және сыныпта достық қарым-қатынасты сақтау үшін реніштерді кешіруді үйрену жақсы деген қорытындыға келді.

Сабақты педагог-психолог Ендуткина Виктория Викторовна өткізді

07.12.2023

Мектебіміздің 1,3 кластарында ,,Өз құқығыңды білесің бе?,, тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мектебіміздің 1,3 кластарында ,,Өз құқығыңды білесің бе?,, тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Адам құқықтарын сақтау,өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттерін қалыптастыру;
Оқушыларды жаңа тақырыптық талқылауға,өз бетімен жұмыс істеуге үйрету,ой-өрісін,ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.
Заңды сыйлайтын тұлғаны қалыптастыру.Өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Өткізген :Алдонгарова К.И.
#біртұтастәрбиеАқтөбе

07.12.2023

Мектебіміздегі "Дзюдо" уйірмесінің жетекшісі А.Бақтығали мектеп қоржынын жеңіспен толықтырды.

Мектебіміздегі "Дзюдо" уйірмесінің жетекшісі А.Бақтығали мектеп қоржынын жеңіспен толықтырды.
Орал қаласында өткен дзюдо күресінен 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы "Сұңқар" спорт клубының ашық біріншілігінде 32 кг салмақ дәрежесінде
3 орынға Типаев Алихан ие болды.
👏👏👏Құттықтаймыз👏👏👏

07.12.2023

Абайдың "Қара сөздерінен" үзінділер оқылып, оқушылармен бірге мазмұны талқыланды.

ІІ оқу тоқсанының желтоқсан айында 7-8 сынып оқушыларымен бірге мектеп-интернат кітапханасында Абайдың "Қара сөздерінен" үзінділер оқылып, оқушылармен бірге мазмұны талқыланды.
Ал оқушылардың уақытты тиімді пайдаланып, кітап оқуға көңіл бөлу үшін арналған электронды кітапханада Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" дастанының І тарауы дауыстап оқылды.
Ақын-жазушылардың шығармалары мен өлең жолдарын оқи отырып, оқушының ойлау қабілеті мен оны жеткізе білу шеберлігі арта түседі.
Осыған сәйкес жоспарға сай немесе жоспардан тыс кітап оқудың әр түрлі жолдары бойынша іс-шаралар оқушылардың игілігіне жасалып отырады... 📚
#біртұтастәрбиеАқтөбе

07.12.2023

Мектебіміздегі «Шығармашылық топ» мүшелері бастауыш сынып оқушыларына ұлттық нақышта жакет тікті.

Әр халықтың өз ерекшеліктері сонымен бірге өз ұлттық киімдері болады.
Қазақтың ұлттық киімдері өзінің сипатымен, сырымен, сұлулығымен, сәнімен сан ғасырлық тарихтың иісін сақтап, бедерін жеткізген.
Мектебіміздегі «Шығармашылық топ» мүшелері бастауыш сынып оқушыларына ұлттық нақышта жакет тікті. Балаларымызға деген жасап жатқан тамаша жұмыстарыңызға үлкен рахмет білдіреміз.

07.12.2023

"Асық ату" үйірмесі

"Асық ату" үйірмесі
Мақсаты: Білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу. Жетекшісі Марат Омаров