"Лавровка орта мектебі" КММ-де бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 1-4 сынып оқушылары үшін "Кітап үйі" атты кітапханалық экскурсия-сабағы өтті. Кітапханашы Ш.М.Көпешова балаларға кітап қоры туралы айтып, кітапханада өзін-өзі ұстау ережелерімен және кітаптармен қалай жұмыс істеу ережелерімен таныстырды. Балалар викторина сұрақтарына белсенді жауап беріп, жұмбақтарды шешті. Жас оқырмандар кітапханаға жиі қонаққа келіп, белсенді оқырман болуға уәде берді.
<div>2024 жылдың 25-27 қаңтар аралығында Петропавл қаласының Борки шаңғы</div><div>базасы және қалалық Жеңіс саябағының аумағында шаңғы туризмі техникасы аясында "Ақшақар" атты облыстық спартакиада жарыстары өтті.</div>
Қаңтардың 19 -31 аралығында бастауыш сыныптар аралығында "Білімді елдің болашағымыз"атты онкүндігі өтті. "Біз болашақты ашық түспен қарсы аламыз", "Патша мен ханшайымның жазуы"," 101 мақал,1001 мәтел", "Дені сау ұрпақ ұлт болашағы"атты қызықты іс-шаралар өтілді.Балалар аса қызығушылықпен қатысты.Бастауыш сынып мұғалімдері Абильтаева А.Б, Жанакулова Г.М, Жусупова М.Г, Кабиденова Д.К және мектеп алды даярлық сыныбының тәрбиешісі Абильтаева Р.Б үлгілі сабақтар өткізді.Сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді көрсете отырып,әріптестермен бөлісті.<br />Онкүндіктің жабылуында іс-шараларға қатысқан оқушыларға мектеп директоры Абильтаева Багила Габдуллаевна мадақтамалар тапсырды