Бүгін, 2024 жылдың 26 қаңтарында С.Мұқанов атындағы кітапханада 7 сынып оқушылары Ленинград қоршауының алынуына арналған іс-шараға қатысты.

Кітапхана қызметкері шараға қатысушыларға тұрғындардың басынан өткен ауыр сынақтар туралы: аштық пен суық туралы, зауыттарда ерлермен бірдей жұмыс істеген балалар мен әйелдер туралы айтып берді.
Сондай-ақ, Ленинград блокадасы туралы кітап көрмесі де көрсетілді

Бастауыш сыныптарға арналған АҚКО-ның сабағы өткізілді. Мақсаты: ата-аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған зияткерлік ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту.

Бұл сабақтардың негізгі мақсаты ата-аналардың дамытушылық әрекет ретіндегі балалар ойындары, оқу ойындарының түрлері және оларды қолдану әдістері туралы білімдерін кеңейту болып табылады.

Мектебімізде 17 қаңтарда «ДосболLIKE: достық қолын ұсын» акциясы басталды. Науқан ұраны: Нағыз дос болғың келсе, дос бол!

#бір_тұтас_тәрбие
#тоғыз_айда_тоғыз_ісшара
#есепшығару
#яматематик
"Тоғыз айда тоғыз іс-шара " тұжырымдамасы аясында математикалық есептер шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, логика, зейінін жаттықтыру мақсатында мектебімізде Республикалық "Қазақ есебі" челленджі өткізілді.
«Қазақ есебі» челленджі ф-м.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым-математик Жұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналды.