✨ «Оқуға құштар ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасының негізгі мақсаттарының бірі-кітапхана қорын толықтыру. Осы орайда биылғы оқу жылында мектеп әкімшілігі кітапхана қорын мектеп қаржысына алынған кітаппен жабдықтады.

✨Адамзат баласы, әр бір оқырман, оқулықтан жинаған бар білімін, жаңа ұрпаққа кітап арқылы тарата алатыны сөзсіз. Кітап оқу-бұл адамның ой-өрісін дамытып қана қоймай, өскелең ұрпаққа мол мұра, таптырмас қазына болып табылады📚
Бүгін мектебімізде алғашқы оқу күні арнайы кестеге сай оқу сабақтары жүргізілді және мектеп асханасы толықтай жұмыс істеді. Биылғы оқу жылы 1-4 сынып оқушылары үшін тегін тамақтану ұйымдастырылды. Мектепалды сынып оқушылары мен 5-11 сынып оқушылары арасында әлеуметтік жағдайы төмен отбасы оқушыларының жалпы саны 39 оқушы тегін тамақтану құқығына ие болды.
2023 жылдың 1 тамызында Қосымша білім беру орталығының тәрбиеленушісі Кенжебаева Айғаным 10-13 жас санатындағы «Менің елім - менің жерім» номинациясы бойынша «Бояулар құпиясы» Республикалық Жас суретшілер байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды, жетекшісі Чернецкая Светлана Ивановна.
Баланың денсаулығының оның физикалық және психикалық дамуын анықтайтын негізгі бағыт өскелең ұрпақтың сапалы тамақтануын ұйымдастыру. Мемлекет басшысының жарлығымен еліміздің барлық мектептерінде бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қйымдастырды.
Бракераждық комиссияның жұмыс жоспары
Жас ұрпақтың келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. Ағымдағы жылдың тамыз айында 1-сынып ата-аналарының жиналысы өтті.
4 қыркүйек күні «Имантау мектебі» КММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жас ерекшеліктерін ескере отырып, 1-11 сыныптар арасында «Адалдық сағаты» атты сынып сағаттары өтті.

Бүгін, мектебімізде 1-қыркүйек мерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті. Атаулы мерекені мектеп директоры Меңдігүл Олжабайқызы Олжабаева ата-аналар мен ұстаздар ұжымын, оқушыларды құттықтауымен ашты. Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Жанапин Едірес Жазитұлы қатысып, өз тілегін білдірді. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге ардақты ақсақал Жұманов Әскер атамыз ақ батасын беріп, өз лебізін білдірді.
Казанка орта мектебінде 2023-2024 оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны болып өтті. Алғашқы қоңырау мерекесі 1-сынып бүлдіршіндері мен 11-сынып оқушыларын салтанатты түрде ортаға шақырумен басталды. Мерекелік іс шараны мектеп директоры Науанов Жадыгер Даулетович мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды құттықтау сөзімен бастады.