Қымбатты оқушылар, ата-аналар!

Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын.

#Repost @aqtobe_bilim_basqarmasy with @let.repost

2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНЫҢ 1-НЕН БАСТАП, БАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН "БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ" ЕНГІЗІЛЕДІ
⚜️ Мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу.
📍Міндеттері: -ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу. -Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу. -Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. -Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу. -Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу. ⚜️Құндылық- мінез-құлық, ішкі сенім, тұжырым жасау, шешім шығаруға керек негіз. Сондықтан да Біртұтас Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие беру бағдарламасы кісілік келбетті айқындайтын ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, ТАЛАП, АР-ҰЯТ құндылықтары арқылы білім алушылардың тәрбиесін ізгілендіруді мақсат етеді. Қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық құндылықтарға негізделген біртұтас ұлттық тәрбие бағдарламасын «Балабақша-Мектеп-Колледж» арасында іске асыру көзделеді.
Тамақтандырудың сакпасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамын бекіту
"№8 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің бракераждық комиссиясының жылдық жұмыс жоспары

"Бірлік орта мектебі" КММ кітапханасында

Конституция күніне арналған "Конституция күні құтты болсын!» атты кітап көрмесі рәсімделді.

Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді бүгінгі Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осыдан 28 жыл бұрын 30 тамыз күні бекітілген Қазақстанның Ата заңы аз уақыт ішінде өзінің заман талабына сай екенін дәлелдеп келе жатыр. Бүгінгі еліміздің әлем алдындағы жоғары беделі - бұл біздің елдің тікелей жетістіктерінің нәтижесі деп білеміз. Бұл күн әр қазақ азаматын рухтандырып, Қазақстанды одан әрі дамытуға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктер сыйласын. Отбасыларыңызға береке-бірлік, амандық-саулық және Отанымызға жарық, жақсы болашақ тілеймін!

Саумалкөл қазақ орта мектебінің директоры - Олжабаева Меңдігүл Олжабайқызы

2023 жылғы 29 тамыз күні Ертіс ауданы №2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің базасында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен Ертіс ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастырылуымен мектеп басшылары мен басшы орынбасарларына арналған «Мектептегі менеджмент және көшбасшылық» атты коуч-сессия өткізілді.

Қалалық мәслихаттың депутаты АЗФ зауытының директоры Абдулабеков Ержан мырза және "Аманат" партиясының өкілдері "Мектепке жол" акциясы бойынша аз қамтылған отбасыларынан шыққан 20 оқушыға толық оқу құралдары мен 3 оқушыға мектеп киімдерін табыстады.
Демеушілік көрсеткен жандарға алғысымыз шексіз!
#мектепкежолакциясы2023
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@kazchrome_official
Тақырыбы: "Конституция -кемелдік кепілі".
Мақсаты: Қазақ қоғамының жиырмасыншы ғасыр тарихындағы Конституцияларының ерекшеліктерін аңғарту, жетістіктеріне тоқталу.
Өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсіне білуге, Конституцияны іске асыра білуге талпындырып, өз құқығын қорғай білуге баулу.
Құрметті Отандастар!
"Облыстық арнаулы санаторлық мектеп-интернаты" КММ-нің ұжымы Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтайды.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикалық тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы.
Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылығымыз- Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!