Меню KDT

Новости

Главная Новости

16.06.2023

“Жасыл мектеп” жылыжайы

Қазіргі таңда Астана қаласының 20 мектебінде дәл осындай Болат Өтемұратов қорының жүзеге асыруымен “Жасыл мектеп” жылыжайы жұмыс істеуде. Мектебіміздің директоры Жұлдыз Қуанышқызы біздің жылыжай қала мектептері бойынша алдыңғы қатарда екенін атап өтті. 2023 жылдың басында қолданысқа берілген жылыжайымызда мамыр айының ортасында алғашқы маусым өнімдері толық жиналып, 2-маусымның өнімдері егілген болатын. Ал бүгін, 14-маусымда жылыжайымыздың екінші маусымынан алғашқы өнімдерді жинау мектеп ұстаздарымен жүзеге асырылды.

16.06.2023

"Үміт" әскери-патриоттық клубы оқушылары

Бүгін мектебімізде "Үміт" әскери-патриоттық клубы оқушылары "Айбын" сайысына баратын қала көлеміндегі командалар арасындағы сайысқа қатысу үшін оқу-жаттығу жұмыстарына барды. Сайыс жаттығу барысында оқушылар белсенділікпен жұмыс жасады.

16.06.2023

Бүгін мектепте негізгі орта білім туралы аттестаттарды тапсыру рәсімі өтті

Бүгін мектепте негізгі орта білім туралы аттестаттарды тапсыру рәсімі өтті. Овеян Тигран, Нурушева Асель, Қаирлымова Дамира үздік аттестатқа ие болды. Қазақстан тарихы, география, қазақ тілі және ағылшын тілі пәндерін оқытудағы ерекше жетістіктері үшін Овеян Тигран мен Казбеков Ринат Құрмет грамоталарымен марапатталды. Балаларға жақсы демалып, таңдаған жолда сәттілік тілейміз.

15.06.2023

Жазғы бейіндік легерьдің 15 маусым күні өткізілген жұмысы туралы мәлімет

<span style="font-size:14pt;font-family:'times new roman', times, serif;">Оқушылар еліміздің ақын-жазушыларының кітаптары мен шетелдік әлем әдебиетінің шығармаларымен танысты. </span>

15.06.2023

Балалардың жазғы демалысы

5 маусымнан балаларды жазғы демалыспен қамту үшін мектеп жанындағы алаң жұмысын бастады. Күн сайын педагогтар таза ауада қызықты ойындар өткізеді, шығармашылық қызметін ұйымдастырады, қатынас дағдыларын, топта өзара әрекеттесу біліктілігін дамытады.