Бүгін, маусым айының 8-і күні, "Қазақстан – бақытты балалық мекені!» тұжырымдамасы негізінде, жазғы демалыс кезеңіндегі балалардың сауықтырылу демалысын, бос уақытын қадағалау және салауатты өмір салтының сақталуын ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы "Ұлан" сауықтыру лагерьінің оқушыларымен жазғы "Ұлан" тобы лагерьінің жопарына сәйкес, кітапханашы А. Ш. Нұрбахтинова "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ертегі оқу сағатын өткізді.

Құрметті ата-аналар!

Саумалкөл қазақ орта мектебі 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттар қабылдайды. 1-сыныпқа 6 жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады. Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінен басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды қабылдау mektep.snation. kz сайты арқылы жүргізіледі.

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»

Балаларға көмек көрсету, балалардың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» акциясы аясында мектебіміздің әлеуметтік ұстазы Ж. З Такауованың ұйымдастыруымен

"Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!" тақырыбында, жазғы "Ұлан" мектеп жанындағы лагерь жетекшісі А. Н. Байтенова балалардың сурет көрмесі мен тас жолға сурет салуды ұйымдастырды. Балалар ойындағы "еңбекті қанау" бейнесі кімге болсада ой салары анық.

Облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің

"Руханият" қауымдастығының жоспарына сай Саумалкөл қазақ орта мектебінде 2023 жылдың маусым айының 6-сы күні облыстық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты - мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, зерттеу ісіне тарту, Lesson study - Сабақты зерттеудің кәсіби ынтымақтастық тәсіл екенін көрсету еді.

Адам өміріндегі басқалармен қарым-қатынас жасау және түсіну қабілеті өте маңызды рөл атқарады, ал өзара түсіністік баланың тәрбиесіне байланысты. "Лавровка ОМ" КММ-де орналасқан жазғы мектеп жанындағы лагерьде "Достық" күні өтті. Күн таңертеңгілік жаттығудан басталды, оны тәрбиешілер балалармен достық туралы "Біз дос болуды үйренеміз" атты қызықты әңгімемен жалғастырды. Балалар таза ауада ашық ойындарда көңілді және белсенді ойнады. Күн әнмен, бимен және көңілді дөңгелек бимен аяқталды. Балалар үйге көтеріңкі көңіл-күймен барды.
1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған мереке болды. Балаларға аниматорлар көңіл көтеріп, шай мен тәтті тағамдар ұйымдастырылды. Шараны «ES GLOBAL AGRO» ЖШС ұйымдастырды. Біз ЖШС директоры М.П. Скорняковқа үлкен алғысымызды білдіреміз.