5- маусымда "Нижнебурлук МББК" КММ-де мектепішілік лагерь жұмысын бастады. Бұл күні А.В. Волкова асфальтта сурет салу байқауын өткізді, балалар театрландырылған және спорттық ойындар ойнады.
202З жылдың 01 маусым күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде мектебіміздің әкелері мен 10 сынып оқушыларынан құралған футбол турнирі болып өтті.

"Балалардың игілігі үшін" республикалық акциясын өткізу аясында мектепте "Балаларға жылулық сыйла"қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Акцияға "Бабык Бурлук" фирмасының директоры Дәуренбек Әміржанұлы Қабдушев, "Августин"Ш/Қ,

"Фазлиев" Ф / Қ, "Тюменцев" ЖК, "Булатов М" ЖК,

ЖК" Булатова Т.М.", ЖК "Липке", ЖК"Крафт". Оқушыларға мерекелік дастархан жайылды.

Балалар-біздің басты құндылығымыз және жауапкершілігіміз, сондықтан осы мереке күні ата-аналарға, кәсіпкерлерге, демеушілер мен әріптестерге ынтымақтастық пен ұйымшылдығы үшін Алғыс білдіреміз.

Мейірімді және жанашыр жүрегіңіз үшін рахмет!

В рамках проведения республиканской акции "Балалардың игілігі үшін"

Бүгін 4 маусым- Мемлекеттік рәміздер күні. Мемлеккеттік рәміздер-елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған аудандық іс-шараға мектебіміздің мұғалімдер ұжымы да қатысты.

Маусымның 2-сі күні мектебіміздің 9-сынып оқушылары үшін ең алғашқы мемлекеттік емтихан тапсыру сағаты болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін түйіндеу мақсатында 25 оқушы эссе жазды. Пән мұғалімі Ақнұр Елубайқызы Ашербекова өткізген емтиханның мемлекеттік комиссия төрайымы, мектеп директоры Меңдігүл Олжабайқызы оқушыларға емтихан тақырыбын таныстырып, сәттілік тіледі. Емтихан ассистенттері, Сая Әлкенқызы мен Динара Қуанышқызы,Руслан Сұлтанұлы емтиханның тәртібін қадағалап, оқушылардың білімін бағалады.

Алғашқы сыннан сүрінбей өткен жеткіншектерімізге әрдайым сәттілік тілейміз.

Маусым айының 1-күні " Халықаралық балаларды қорғау" күнімен қатар келген "Соңғы қоңырау" мерекелік іс-шарамызда 2022-2023 оқу жылын үздік аяқтаған жалпы саны жетпіс үш оқушыны мектеп директоры Меңдігүл Олжабайқызы Олжабаева арнайы "Мақтау қағазымен" марапаттады.

2022-2023 оқу жылында пәндік олимпиадалар мен түрлі сайыстарға, мектеп қабырғасында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, атаулы жетістіктерге қол жеткізген биылғы алты түлегімізге "Алғыс хат" тапсырылса, мектептің он тоғыз оқушысы әр түрлі номинациялар бойынша арнайы дипломға ие болды.