12 мамырда "Бірлік орта мектебі" КММ-де оқушылармен , қызметкерлермен, мектеп ұжымымен және ата-аналармен терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар мен жаттығулар өткізілді
9 мамырда орталық алаңда Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Мектеп оқушылары мерекелік концертке белсене қатысты.
Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, жаман әдеттердің алдын алу,оқушылардың қиын өмірлік жағдайлармен күресу дағдыларын қалыптастыру мақсатында 10 мамырда 8,9,10 сынып оқушыларымен "Біз өмірді таңдаймыз" тренингтік сабағы өтті
2023 жылдың 10 мамырында "Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін" байқауында Новоишим қазақ мектебінде 3-сынып оқушысы Нурмамадов Амир аудан мектептерінің 3-4 сынып оқушыларының арасында "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" номинациясында Гран при жүлдесіне ие болды. Үздік нәтижемен құттықтаймыз!
12 мамырда мектепте білім беру мекемесінің лаңкестікке қарсы қорғанысына бағытталған оқулар ұйымдастырылды. Мектеп қызметкерлері мен оқушылар қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар мен алгоритмдерін орындады. Оқулар барысында 10.04.2023. орнатылған сөйлеу арқылы хабарлау пайдаланды. Ғимараттан шығу жылдам және үйлесімді өтті.