<p>Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2023 жылғы 11-25 мамыр аралығында «Мың бала» жобасы аясында ұйымдастырылған <strong>«Тіл мектебі» авторлық бағдарламасы»</strong> облыстық конкурсының қорытынды кезеңін өткізді.</p>
26 мамыр Казанка ОМ жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Өткізілген іс шараға оқушылар және қонақтар катысты.Окушылар би билеп,ән айтып өз өнерлерін көрсетті.Аталған кеш өз деңгейінде өтті.
2023 жылдың 14 күні Алаштың ақиық ақыны М. Жұмабаевтың 130 жылдығына орай ұйымдастырылған, «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі, ақынның туған жері Сартомар ауылында өтті.
Мамыр айының 26- 27-сі күндері Мағжан Жұмабаев ауданы Сарытомар ауылында "Мағжан оқулары" республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтті. Бұл оқуларға аудандық Мағжан оқуларынан жеңімпаз атанған оқушыларымыз қатысып қайтты.
Мамыр айының 26-сы күні мектебіміздің төртінші сынып оқушыларына арналған "Білім басы бастауышта қаланар" тақырыбында білім алудың алғашқы сатысы-бастауышпен қоштасу сағаты өтті. Сынып жетекшілері: М. Қ. Науанова, З. Ы. Казбекова және С. Е. Арапова ұйымдастырған іс-шараға оқушылармен бірге ата-аналар қатысты. Мектеп директоры М. О. Олжабаева оқушыларды құттықтап, білім шыңының биігіне шығуларын тіледі. Балаларының білімдері мен өнерлеріне ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, қуаныштарымен бөлісті.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Балалардың игілігі үшін" республикалық акция шеңберінде мектебіміздің аға тәлімгерлері А. Ж. Абирова мен С. Ж. Жакупова челленджі ұйымдастырды. Балалар мерекесі қарсаңында Саумалкөл ауылы тұрғындары Шоқан мен Әйгерім Қасымовтардың отбасының "Бала-бақыт, көп бала- мол бақыт" бейнеролигі түсірілді. Қасымовтар әулетіне береке мен бақыт тілейміз.