Меню KDT

Новости

Главная Новости

29.11.2023

"Рәміздерім - мақтанышым" сынып сағаты өткізілді.

Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Өткізген: Шайбекова Ж.
#біртұтастәрбиеАқтөбе

29.11.2023

Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалпы білім беретін мектептердің 6 сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өтті.

023 жылдың 29 қарашасында Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өтті.
Мектеп қонақтары үшін арнайы бағдарлама дайындалды, ол қонақтарға мектепті ішінен көріп, Зияткерлік мектепке тән атмосфераға кіруге мүмкіндік береді. Оқушыларымыз бірнеше топқа бөлініп, маршруттық парақшалар таратылды. Әр станцияда балаларды мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары қарсы алып, түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындауды ұсынды. «Ғажайып биология» станциясы мектеп жылыжайында орналасып, балаларды түрлі тәжірибелер жасауға шақырды.Робототехника станциясында алтыншы сынып оқушылары роботтарды бағдарламалап, оларды басқаруды және жылжытуды үйренді. «Литературная» станциясында олар «Өз ойынын» ойнады. «Математикалық» станциясында логикалық есептер шығарса, «Химическая» станциясында балаларға түрлі тәжірибелер көрсетілді.

29.11.2023

28 қараша күні 3-4 сынып ата-аналарына «Оқу қуанышы: балаға қызыға оқуға қалай көмектесуге болады» атты сабақ ұйымдастырылды

«Ю.А. Гагарин атындағы N14 орта мектебі» КММ-де «Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы» өз жұмысын жалғастыруда. 28 қараша күні 3-4 сынып ата-аналарына «Оқу қуанышы: балаға қызыға оқуға қалай көмектесуге болады» атты сабақ ұйымдастырылды.Сөйлеушілер Құсайынова. К.В., Алистратова Н.Д. Баландина К.О. Ата-аналар белсене қатысып, тапсырмаларды орындады. Бұл сабақ ата-аналарды мектеп оқушылары үшін психологиялық қолайлы жағдай жасауға ынталандыруға мүмкіндік береді.