Меню KDT

Новости

Главная Новости

29.11.2023

Даналық мектебі” жобасы аясында Токишева Дамира Алтаевнаның, Құрмаш Дәулет Қанатбекұлының ұйымдастыруымен “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” мақсатында мектебімізде 5-8 сынып оқушыларының ата-аналарымен жаңа форматта “Баланың бас ұстазы ата-ана атты” (Позитивті тәрбие) тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту. Міндеттері: 1. Ата-аналарды позитивті ата-ана болу құзыреттерін игеруге ынталандыру. 2. Ата-аналарды позитивті ата-ана болудың мәнімен, қағидаттарымен, әдістерімен таныстыру. 3. Ата-аналарға позивтивті ата-ана болу дағдыларын игеруге көмектесу. Сабақ барысында ата-аналарға “Сол қолмен” тренингі арқылы "мен баламды қатты жақсы көремін!" сөйлемін жазғызды. Жазып болған соң өздерін қалай сезінгендерін сұрады. Қиын болды ма? Әрине қиын! Дәл осылай балалар да жазуды немесе жаңа нәрсені үйренгенде қиналады. Сондықтан балаңыздың жазуы дұрыс болмаса немесе оқуы нашар болса, (кез келген жаңа нәрсе үйренгенде) ұрыспай қолдау білдіріңіз деген ой түсіндірілді. «Бала жүрегінен хат» тренингі арқылы оқушылар аналарына арнап сезімге толы жүрекжарды тілектерін хат арқылы жеткізді. Аналарымыз балаларының жазған хатын оқып, ризашылықтарын білдірді. «Өсірмейтін тыйымдар» тренингі арқылы ата-ана балаға көп тыйым жасай беру оның әрекет жасауға қорқып қалуына әкелетіндігін, өскенде өзіне сенімсіз жан-жағына жаутақтап жүруі мүмкін екенін түсіндірді. Кездесу барысында көптеген қызықты оқиғалар орын алды. Ата-аналар жағымды эмоцияға бөленіп, керемет көңіл- күймен тарқады

Даналық мектебі жобасы аясында Токишева Дамира,Дәулет Қанатбекұлы ұйымдастырды

29.11.2023

Областной тур Республиканской Лингвистической олимпиады.

28 ноября прошел областной тур Республиканской Лингвистической олимпиады. По результатам областного этапа наш ученик Бутантаев Рамазан занял первое призовое место. <img class="emoji emoji-small opacity-transition slow shown open" src="https://web.telegram.org/a/img-apple-64/1f947.png" alt="🥇" /> <br /><br />Поздравляем Рамазана и его руководителя за невероятный вклад!<img class="emoji emoji-small opacity-transition slow shown open" src="https://web.telegram.org/a/img-apple-64/1f525.png" alt="🔥" />

28.11.2023

#Біртұтас тәрбие #Спид-ғасыр дерті

28.11.23 ж. Мектепішілік жоспар бойынша<br />"ЖҚТБдан өзіңді қорға" атты 8-11 сынып оқушыларымен мектеп мейірбикесі Тлеубаева Ж. С. әңгіме жүргізді.

28.11.2023

#Біртұтас тәрбие #ар-ұят, адалдық құндылығы

28.11. 2023 “Қарағаш орта мектебі” КММ “Ар - ұят, адалдыққа”байланысты 5”а” сыныбымен іс-шара өтті. Мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан,ақылды,шыншыл,қайырымды, т.б.адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап,мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Балалар қызығушылықпен қатысты және де өз ойларымен бөлісті.

28.11.2023

Мейбукан Годзю-рю каратэ-додан жарыстар

22.11.2023 Жастар ресурстық орталығы №5 орта мектептің базасында Мейбукан Годзю-рю каратэ-додан жаттықтырушы Тельман Амангелдіұлы Досановтың жетекшілігімен «Олимпиада» аула клубында Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай іс-шара өткізді.