Қамқоршылық кеңесі мектептің оқу тәрбие жұмысына,материалдық,техникалық базасының нығаюына және оның қызметтеріне қоғамдық бақылау жүргізе отырып мектептің дамуына оңтайлы ықпал етеді. Осыған орай мектеп -интернатымызда “Қамқоршылық кеңесінің” 1 отырысы өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. «Қамқоршылық кеңес» мүшелерін жаңа құраммен толықтыру.
2. «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру.Жылдық жұмыс жоспарын бекіту.
3. «Қамқоршылық кеңес» төрағасын сайлау.
4. Қамқоршылық кеңес мүшелеріне мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайымен таныстыру.
2023 жылғы 24 қарашада Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Педагогикалық бастамалар – 2023» республикалық конкурсының облыстық қорытынды кезеңін (қорғау) өткізді.

27 қарашада жол қозғалысы ережелері бойынша тақырыптық жиын өткізілді. 4 А сынып жетекшісі Куттыбаева А.К. "Жол қозғалысы ережелерін білесің бе" викторинасын өткізді, оқушылар сұрақтарға жауап берді. 6 б сынып кезекшілері жол қозғалысы ережелерінің пайда болу тарихы және әркім білуі керек негізгі ережелер туралы айтты.