10-сынып оқушыларының орман шаруашылығы қызметкерлерінің қатысуымен мектеп алаңына көшет отырғызу.
Күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. «Леонидовка НМ» КММ-де 5-9 сынып оқушыларына арналған КҮЗ МЕРЕКЕСІ өтті.
Қалалық шығармашылық орталығы ұйымдастырған байқауда тәрбиеші Алдонгарова Камилаштың жетекшілігімен
3 класс оқушысы Сағидоллаева Ажар жүлделі 2 орын, Типаева Гаухар сертификат иеленді.
🎊🎊🎊Құттықтаймыз!🎊🎊🎊
Тақырыбы: "Жол ережесін білейік!"
Мақсаты: оқушылардың көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап түсіндіру. Жол ережесін есте сақтауға баулу.
#БіртұтастәрбиеАқтөбе
Шахмат ойыны өтті. Шахмат ойыны тәрбиеленушілерді логикалық және жүйелі ойлауды қалыптастырады. Ойын кезіндегі тәртіппен жүруді, логикалық ойлау қабілетін дамытады, есте сақтау, танымдық ой-өрісін жетілдіреді.
Мектебімізде 2023 жылдың 19 қазан күні 6-10 класс оқушылары арасында "Алтын күз" тақырыбында күз ханзадасы мен ханшайымы сайысы өтті.
Мақсаты: оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ауызбіршілікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мектеп-интернатының қызметкерлерінің арасында «Көңілді спорттық ойындар» жарысы өткізілді.Бұл ұйымдастырылған спорттық ойынға мектеп тәрбиешілері,мұғалімдері,кіші қызметкерлер түгел қатысты.Алдын-ала қызметкерлер арасында жеребе арқылы топтар құрылды.Әр топ өздеріңе атауларын,киімдерін дайындап келіп ойындарға,жарыстарға белсене қатысты.Мұндай шаралар қызметкерлердің қарым-қатынасын жақсартып,ұжымды біріктіре түсетіні сөзсіз.Спорттық жарыстардың қызығына батқан қатысушылар барын салып,ұйымшылдықпен өз тобының жеңіске жетуіне талпынды.