25 қазан "Республика күніне" орай 1-5 кластар арасында "Көңілді балақай" атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.

Мақсаты: сыныптастар арасында өзара қайырымды, мейірімді қатынастар тудыру.

#республикакүніАқтөбе2023

Бүгін 6 сыныпта "Күз-мереке,күз-береке" атты сыныптан тыс шарасы өтті.Мақсаты:1.Күз мезгілі жайында оқушылардың білімін кеңейту,күз мезгілінің ерекшеліктерін есте сақтауға үйрету.
2. Оқушының өзін еркін ұстауға, өз ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру, шығармашылықпен жұмыс істеуін дамыту.
Шара барысында оқушылар үш тілде өлеңдер оқып, тапсырмалар орындады. Алтын күздің қызықты сұрақтарына да жауап беріп, жапырақтардан,гүлдерден суреттер құрастырды.
Ұйымдастырған:
Г.Р.Есмуханова
А.А.Алданазарова
С.Торайғыровтың туғанына 130 жылдығына орай "Шығамын тірі болсам адам болып" атты 8 класқа сынып сағаты өткізілді.
МАҚСАТЫ; оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасын, ізденімпаздықты қалыптастыру олардың бойында жауапкершілік сезімін ояту, адамгершілікке, азаматтыққа, ішкі рухани тазалыққа тәрбиелеу.
Өткізген: 8-сынып тәрбиешісі Ж.А.Сактаганова
#біртұтастәрбиеАқтөбе

Мектебіздің 1,3 сыныбында «Кітаппен бірге өсеміз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Сабақтың мақсаты:

Кітаптың адам өміріндегі орны туралытүсінік беру, мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең тұлға болуға, кітапты сүйе білуге,кітапты қадірлеуге баулу.

Өткізген: К.И.Алдонгарова

#біртұтастәрбиеАқтөбе

"Қуанышты сәт"бастауыш және жоғары сыныптар арасында бір күндік қуанышты сәттер күні өтті.

16 қазан – Нан күніне орай «Нанның қадірін біл – оңайлықпен келмейді» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылып

"Токсан би орта мектебі" КММ-де 18 қазанда 5-11 сынып оқушыларының учаскелік полиция инспекторы С.Т. Исмагуловпен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және электронды темекі, вейп, спирттік және энергетикалық сусындарды тұтынудың алдын алу мақсатында кездесулері өтті.