«Досыңа тілек» тілектер тақтасы

Мектеп психологы: Болатбек М.

Мақсаты: Оқушылардың арасындаға жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлау, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.

2023 жылдың 11 қазанында «Олимп шыңы» жобасы аясында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында «Математикалық анализ негіздерінде есептерге шолу» тақырыбында семинар- практикум өтті.
Қарттар күніне арналған іс шаралар жоспары бойынша кітапханашы Джусупова А.К. "Көненің көзі" атты кітап көрмесін ауыл кітаханасының зейнеткер кітапханашысын Калиева М. қонаққа шақырып ұйымдастырды.

Аймақ негізгі мектебінің педагог - психолог Болатбек М. ұйымдастыруымен 2023 жылдың 10.10-20.10 дейін «Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты» психологиялық денсаулық онкүндігін ашылуы өтті.

Мақсаты: Оқушылар мен мұғалімдердің,ата - аналардың психологиялық құзыреттілігін арттыру,адам санасының құрамдас бөлігі ретінде психологиялық ғылымның маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.

Оқушылардың мейірімділік,қайырымдылық құндылықтарын кеңейту, өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту, мейірбандыққа тәрбиелеу.

Апталықтың алғашқы күні "Жылы жүрек" күні деп аталды.

Мектеп формасына қойылған талаптар ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылығы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес: 🔹Ұлдардың мектеп формасы қою көк түсті(немесе қара түсті); пиджак, жилет, шалбар мерекелік жейде, күнделікті жейде, түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка) ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. 🔸Қыздардың мектеп формасы: көк түсті немесе қара түсті пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/ кардиган поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.