Меню KDT

Новости

Главная Новости

09.10.2023

Қазан айының 4-5 күндері Астана қаласында тұңғыш рет Ұстаздар күніне орай республикалық педагогтер съезі өтті. Осы съезге Айыртау ауданынан делегат болып Саумалкөл қазақ орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Султангалиева Гульжанат Талгатовна қатысып қайтты.

Қазан айының 4-5 күндері Астана қаласында тұңғыш рет Ұстаздар күніне орай республикалық педагогтер съезі өтті. Осы съезге Айыртау ауданынан делегат болып Саумалкөл қазақ орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Султангалиева Гульжанат Талгатовна қатысып қайтты. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысынан 22 делегат съезге қатысты. Съездің мазмұндық бағдарламасы 2 күнге бөлінді. Бірінші күні делегаттар үшін Оқушылар сарайына, BINOM мектебіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне, Республикалық физика-математика мектебіне экскурсиялар, сонымен қатар Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрына бару ұйымдастырылды. ҚР Оқу-ағарту министрі министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев барлық ұстаздармен бірге «Шәмші» қойылымын тамашалады. 5 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен мұғалімдердің республикалық съезінің пленарлық отырысы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің педагогикалық қауымына құттықтау сөз сөйлеп, олардың жұмысының жоғары маңыздылығын атап өтті. Қазақстандық мектептердегі мұғалімдер жұмысының сапалы шешілуіне байланысты бірқатар мәселелерді атап өтті. Бұл педагогтердің цифрлық құзіреттілігінің артуы, көптеген елді мекендерде жоғары жылдамдықты интернеттің, мектептердің заманауи құрал-жабдықтардың жоқтығы. Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді аттестациялау ережелерінің жиі өзгеретініне назар аудара отырып, ұстаздың тыныш және ыңғайлы жағдайда жұмыс істеуге құқығы бар екеніндігін де атап өтті. Пленарлық бөлімнен кейін ұстаздар қауымына Конгресс Холлда мерекелік концерт өткізілді. Ұстаздар екі күндік съез жұмысынан үлкен әсермен тарқасты.

09.10.2023

Құрметті ұстаздар, мерекелеріңізбен! Денсаулық, шыдамдылық пен махаббат тілейміз!

<iframe style="border:none;" src="https://www.facebook.com/plugins/video.php?height=476&amp;href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2F100022838433073%2Fvideos%2F3113297765646775%2F&amp;show_text=false&amp;width=264&amp;t=0" width="264" height="476" frameborder="0" allowfullscreen="allowfullscreen"></iframe>

09.10.2023

#Дублер_күні #өзін_өзі_басқару

<iframe style="border:none;" src="https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fpermalink.php%3Fstory_fbid%3Dpfbid023dN1La5ESZMko284bh4LofrXEUFxiWHE7nHbesPeU1rwMDbeTYmZhJYsgtYN5gKxl%26id%3D100022838433073&amp;show_text=true&amp;width=500" width="500" height="250" frameborder="0" allowfullscreen="allowfullscreen"></iframe>

09.10.2023

6 казан күні салтанатты сап өткізіліп, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен қабылдаған орынбасар ұстаздар таныстырылды.

<iframe style="border:none;" src="https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fpermalink.php%3Fstory_fbid%3Dpfbid0h51MsqsrW2vs9LqWQZegAMK2ZmN2DxuEE1uYqL1jabXUhgkiJHfjRVSQz1xHELgvl%26id%3D100022838433073&amp;show_text=true&amp;width=500" width="500" height="250" frameborder="0" allowfullscreen="allowfullscreen"></iframe>

09.10.2023

#Қауіпсізмектеп

09.10.2023 ж. "Леонидовка НМ" КММ СҚО ТЖД Тайынша ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Завальнюк Анатолий Сергеевич 5-9 сынып оқушыларымен өрт қауіпсіздігі туралы әңгіме өткізді. Әңгіме барысында оқушыларға осы тақырып бойынша парақшалар таратылды.