Ұстаз. Осы сөздің адам жанына жылулық ұялатып, асу бермес асқарға жетелері сөзсіз. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, өмір өзенінің оң соқпағына салып, сенің болашағыңа беретін адам ол – ұстаз. Білім – шеті мен шегі жоқ телегей теңіз болса, сол теңіздің сәнін келтіріп, байыппен ғана әр шәкірт жүрегіне жол тауып, соның кілтін аша білген ақ желкенді кеме – ұстаздарымыз.

Зейнеткерлік жасқа келіп өз еңбегімен мектеп ұжымына, шәкірттеріне сыйлы болып, еңбегі жанған ұстаздардың бірі – Мағрипа Ілиясқызы. Жамбыл орта мектебінде Басыбаев Мәгел Әлмырзаұлының алдынан оқыған. Химия пәнінің мұғалімі – Оспанов Сағди Оспанұлы, физика пәнінің мұғалімі – Байтұрғанова Құсни Ахметқызы және Әскер Бектемірұлы, осы кісілердің дәріс берген пәндерін қалауы ма екен, Петропавл педагогикалық институтының жаратылыс факультетінің химия – биология бөлімін таңдап, комсомолдық жолдамамен аталған университетке оқуға түседі.

Қазақ мектебін бітіріп шыққан қарапайым студентке бірден орыс тілінде оқып кету оңайға түспеді. Бірақ соған қарамастан өзінің алдына қойылған мақсатына жетуге тырысты. Сол қажыр – қайраттылығымен 1975 жылы оқуды бітіріп, өзінің туған мектебіне оралып, химия-биология пәндерінен сабақ берді. Ұжым – қай кезде де тәрбие мектебі. Жақсы ортада адамның шабытына шабыт қосылады. Таланты жарқырап, өнімді еңбек етуге дағдыланды. Талаптың тұлпарын мініп келген жас маманға тәжірибелі ұстаздар мейірім шуағын төге білді. Сөйтіп Мағрипа тәтейдің білікті ұстаз, іскер азамат болуына ықпал жасады. Дарынды мамандарға өсу жараспай ма? Өзін сан қырлы маман ретінде танытқан Мағрипа тәтейді 2 жылдың ішінде мектеп директоры М.Басыбаев оқу ісінің меңгерушісі етіп тағайындады.

«Шәкіртсіз ұстаз - тұл». Көз майын тауысып оқытқан шәкірттерің үмітіңді ақтап, сенім биігінен көрініп жатса ұстаздарға одан артық бақыт бар ма? Ұлағатты ұстаздың алдынан білім алған бірқатар оқушылардың ішінде Ресейдегі Саратов қаласында университетте жұмыс істейтін Фаткина Татьяна химия ғылымының докторы, Цыгунчук Галина – педагогикалық ғылымының докторы, СҚМУ оқытушысы, Әкімжанова Қамар білім бөлімінің қызметкері, Преснов қазақ орта мектебінің химия, биология пәндерінің мұғалімі Жанмұқанова Гүлнар бар. Мағрипа Ілиясқызы өзінің еңбегімен республикалық құрмет грамотасы, облыстық және аудандық мақтау қағаздарымен марапатталған. Тарих бетінде алтын әріппен ойып тұрып орын алатын ұстаздық жолын жалғастыратын шәкірттері баршылық. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген нақыл осындай еңбек адамына арналып айтылғандай.

Мектеп өмірінде өзіндік орны бар ұстазымыз Мағрипа Ілиясқызы 2009 жылы зейнеткер ұстаз атанды. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп зейнет шағы болса да мектеп қабырғасында еңбек жолын жалғастырды. 2019 жылға дейін балаларды білім нәрімен сусындатып, зейнеттік демалысқа шықты. 45 жыл еңбек өтілі бар ұстазымыз өзінің ізбасарларына қолдау көрсетіп, білгенін үйретіп жүруден еш жалықпаған. Қазірге таңда мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып көмекке мұқтаж балаларға көмегін еш аямаған. Мектепішілік іс – шаралар, жиындардың құрметті қонағы. Сонымен қатар ауыл өміріне белсене араласады. Онымен қоса, ауылдық округтің жергілікті қоғамдастық жиынының мүшесі болып, жастар мен өмірлік тәжірибесімен бөлісу еш уақытта бас тартпайды.

#ұстаз_күні

Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз — өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште. Ұстаз — бұл қасиетті мамандық иесі, менің арманым бойынша, өте қайырымды, ешкіммен ешқашан сөзге келмейтін, сабақ барысында оқушыға деген қол үшін аямайтын адам…

Шығыс ойшылы Жүсіп Баласағұн: «Адамның мәңгі болмағы, оның ары мен елі үшін еткен еңбегінде»,-деуінің өзі бекер емес, өйткені ұстаздықтың ұлы жолын таңдаған әр адамның бойында үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбек ету қасиеттері болуы шарт. Өз шәкірттеріне сүйіспеншілікпен қарай алмаған мұғалімнен жақсы маман шықпасы анық. Бүгінгі мақалының себепкері Сәуле Шариповнаны алатын болсақ, сан мыңдаған шәкірттер мен жас мамандарды тәрбиелеуде өз бақытын еңбектен тапқан ұлағатты ұстаз. Ұстазымыздың білім саласын жандандыруға қосқан өлшеусіз еңбегі құрметке лайықты. Алған мақтау, марапат, алғыс ¬ хаттарын тізетін болсақ, өз алдына бір төбе. Бірақ, адамның адамшылығы марапат қағазымен ғана өлшенбек емес, адамды одан да биік етіп, қосымша көрік беріп тұратын – адами қасиеттері, игілікті істері болмақ. Жүзінен шуақ, сөздерінен жылылық төгіліп тұрған ұлағатты мамандық иелері өнегелі өмірі мен еселі еңбегінің арқасында айналасына қадірлі болары сөзсіз. Әйел адам үшін қызметтік мансаптан басқа, дүниеге ұрпақ әкелу, оны тәрбиелеп жеткізу міндеті және бар. Міне, осындай аса жауапты қызметпен аналық парызын қатар өтей білген жан өзінің өмірлік жары – Борис Рыскелдиевичпен 33 жыл отасып, 3 ұл тәрбиелеп өсірді. Ата-анасының сүйіспеншілігіне, қамқорлығы мен мейіріміне мейлінше қанық болып өскен ұлдары бүгінде жоғары оқу орындарын аяқтап, қалаған мамандықтары бойынша жұмыс орындарында жұмыс атқарып жатыр. Сәуле Шариповна – 2023 жылы кәсіподак ұйымында 20 жыл толассыз жұмыс жасап, медальмен марапатталды.

#bilim_sko

#ұстаздар_күні
. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз — өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште. Ұстаз — бұл қасиетті мамандық иесі, менің арманым бойынша, өте қайырымды, ешкіммен ешқашан сөзге келмейтін, сабақ барысында оқушыға деген қол үшін аямайтын адам…

Шығыс ойшылы Жүсіп Баласағұн: «Адамның мәңгі болмағы, оның ары мен елі үшін еткен еңбегінде»,-деуінің өзі бекер емес, өйткені ұстаздықтың ұлы жолын таңдаған әр адамның бойында үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбек ету қасиеттері болуы шарт. Өз шәкірттеріне сүйіспеншілікпен қарай алмаған мұғалімнен жақсы маман шықпасы анық. Бүгінгі мақалының себепкері Сәуле Шариповнаны алатын болсақ, сан мыңдаған шәкірттер мен жас мамандарды тәрбиелеуде өз бақытын еңбектен тапқан ұлағатты ұстаз. Ұстазымыздың білім саласын жандандыруға қосқан өлшеусіз еңбегі құрметке лайықты. Алған мақтау, марапат, алғыс ¬ хаттарын тізетін болсақ, өз алдына бір төбе. Бірақ, адамның адамшылығы марапат қағазымен ғана өлшенбек емес, адамды одан да биік етіп, қосымша көрік беріп тұратын – адами қасиеттері, игілікті істері болмақ. Жүзінен шуақ, сөздерінен жылылық төгіліп тұрған ұлағатты мамандық иелері өнегелі өмірі мен еселі еңбегінің арқасында айналасына қадірлі болары сөзсіз. Әйел адам үшін қызметтік мансаптан басқа, дүниеге ұрпақ әкелу, оны тәрбиелеп жеткізу міндеті және бар. Міне, осындай аса жауапты қызметпен аналық парызын қатар өтей білген жан өзінің өмірлік жары – Борис Рыскелдиевичпен 33 жыл отасып, 3 ұл тәрбиелеп өсірді. Ата-анасының сүйіспеншілігіне, қамқорлығы мен мейіріміне мейлінше қанық болып өскен ұлдары бүгінде жоғары оқу орындарын аяқтап, қалаған мамандықтары бойынша жұмыс орындарында жұмыс атқарып жатыр. Сәуле Шариповна – 2023 жылы кәсіподак ұйымында 20 жыл толассыз жұмыс жасап, медальмен марапатталды.

#bilim_sko

#ұстаздар_күні

Жаңа кітаптар өз оқырмандарын күтуде.

Республикалық педагогтар съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің педагогтарын Ұстаздар күнімен құттықтады. Президент өз сөзінде Мемлекет педагогтың әлеуметтік мәртебесін жақсартуға және олардың қызметінің беделін арттыруға ерекше назар аударатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі бағыттарды атап, Білім беру және ғылым-табысқа жетудің басты кілті. Ұлттың жаңа сапасын құру әрқайсымыздан басталатынын айтты.

https://www.facebook.com/profile.php?id=100023833780653
Бүгін, мектеп асханасын бракераждық комиссия жұмыс жоспары мерзіміне сәйкес тексеріп шықты. ЖК "Кудашкина" иесі Татьяна Николаевна мектеп асханасын жалға алушы, тексеру барысында олқылықтар анықталған жоқ. Азық түліктер ережеге сай сақталып, құрал-жабдықтар уақытымен тазаланады.
Қарттар күніне арналған жоспарға сәйкес сынып жетекшілері "Біз алтын жасты мадақтаймыз", "Қарттықты құрметтейміз"сияқты тақырыптарда сынып сағаттарын өткізді.
Бүгін, Мұғалімдер күніне арналған мектептердегі білім алушылардың өзін-өзі басқару "Дублёр күні" ұйымдастырылды. Мұғалімдер мерекесімен тұспа-тұс келген іс-шара толық ережеге сәйкес өтті. Алдын-ала арнайы бұйрық шығарылып, сабақ кестесі әзірленді. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері бекітіліп, мұғалімдермен сабақ жоспарларын дайындады.. Оқушылар арасынан алынған дублёрлер сабақ кестесіне сәйкес сабақтарын өткізді. Оқушылармен жұмыс, сабақ беру, іс-шара ұйымдастыру сияқты мұғалімдер жұмысына көңілдері толған оқушылар өз сабақтарынына талдау жасап, үлкен әсер алды. "Дублёр күні" мұғалімдерге арнайы дайындалған оқушылар концертімен аяқталды. Оқушылардың әндері тыңдалып, өнерлері тамашаланды. Мектеп ұстаздары өз оқушыларына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Республикалық "Қазақ тілі мен әдебиеті" ғылыми әдістемелік басылымымен мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сая Алкеновна үнемі байланыс жасап отырады. Сая Алкеновнаның қаншама сабақтары, іс-тәжірибесі, мақалалары республика ұстаздарына да таныс. Қыркүйек айы басылымының мұқабасына ұстазымыздың суреті мен LS бойынша зерттеу нәтижесі жарияланып отыр.

Сая Алкеновнаны төл мерекесі, Ұстаздар күнімен құттықтап, биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз

Бүгін, мұғалімдер ұжымы Халықаралық мұғалімдер күніне орай Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсенбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Келешек ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбектеніп келе жатқан әріптестеріміздің төл мерекесі құтты болсын!