Ұстаздар мерекесі қарсаңында мектеп-интернат оқушылары әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлғаларға көтеріңкі көңіл, жағымды әсер сыйлау мақсатында ерекше сөздер айтылып, алтын тәж кигізілді. Ерекше сезімге бөленген ұстаздар оқушыларға алғысын айтып, жылы лебіздерін жолдады.
#біртұтастәрбиеАқтөбе
Ұстаздар мерекесіне орай 8 сыныпта "Алтын жүректі ұстаз" және 9-10 сыныптарда "Менің арманымдағы ұстаз" тақырыбында эссе жазғызылды.
Мақсаты: Оқушыларға өмірде көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті,икемділікті,шеберлікті ерекше шәкірт жандылықты,мейірімділікті қажет ететін мамандық та—ұстаздық мамандығы екенін түсіндіру, ұстазға деген құрмет сезімін ұялату.
#біртұтастәрбиеАқтөбе
Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Оқушыларыңыздың атынан сіздердің ең ізгі тілектеріңіздің орындалуын, сондай-ақ отбасыларыңызда әрқашан бейбітшілік, келісім, қуаныш пен жайлылық болсын. Мұғалім мамандығы даналық пен жан жастығын, шығармашылық пен зор энергияны, мейірімділік пен қаталдықты біріктіреді! Сіздің еңбегіңізді бағалау өте қиын, ол бағасы жоқ теңдесіз дүние! Ұстаз еңбегі өлшеусіз . Әр ұстаз үздік болуға лайықты.
Құрметпен Калиева Гүлбарам Есенқызы.
Балалар әрдайым өздері қолдан ойыншық жасауға қызығушылық танытады.
Олар батпырауықтың түрлерімен танысып, оларды жасау мен ұшырудың әдісін үйренді.

Өздері жасаған батпырауықты қуана жүгіріп ұшырып, керемет көңіл күйлері көтерілді.
https://www.facebook.com/profile.php?id=100023833780653
https://www.facebook.com/profile.php?id=100023833780653