"Кедергісіз болашақ" жобасы аясында ұйымдастырылған "Тең мүмкіндіктер" спорт фестивалінің аудандық іріктеу кезеңі 3–4, 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында өткізілді.
Қазан айының тоғызыншы жұлдызында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау айлығының жұмыс жоспарына сәйкес "Балалар кітапханасы" жобасы аясында зейнет жасындағы мектеп ұстаздары мен қызметкерлері және оқушыларның қатысуымен "Бірге оқимыз" акциясы ұйымдастырылды.
Қазақстан мәдениетіне өлшеусіз, өшпес үлес қосқан композитор, ән өнерінің майталманы Әбілахат Еспаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, мектебімізде мәдени-танымдық, тәрбиелік іс-шара өтті.
Бүгін балалар үшін шығармашылық іс-шара "Менің Отаным Қазақстан Республикасы" атты шағын-кітап жасау сабағы өткізілді.
<div>«Пески орта мектебі» КММ-де «Психологиялық денсаулық дегеніміз не?» тақырыбында сынып сағаты өтті.</div><div>Іс-шараның мақсаты — оқушылардың психологиялық денсаулық туралы түсінігін қалыптастыру, өз ішкі күйі мен эмоционалдық әл-ауқатына қамқорлық жасауды үйрету.</div><div>Сабақ барысында оқушылар психологиялық тұрғыдан сау адам болу нені білдіретіні, жан тыныштығы мен көңіл күйдің тұрақтылығын сақтауға қандай қасиеттер көмектесетіні туралы әңгімелесті. Балалар интерактивті тапсырмаларды орындап, өзін-өзі тану және топпен жұмыс жасауға арналған жаттығуларға қатысты, өз эмоцияларын білдіру мен өзгелердің сезімін түсінуді үйренді.</div>