Меню KDT

Новости

Главная Новости

28.09.2023

Бүгін мектебімізде аудан прокурорының орынбасары Жеңіс Берікұлы Зейнуллин, Кәмелет жасқа толмағандар инспекторы, полиция майоры Е. Жунусов және КТІТ ПУИ полиция лейтенанты Ж. Шаймергенов 8-11 сынып оқушыларына тәртіп бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік жағдайларды ескеру, әлімжеттілікті болдырмау мақсатында дәріс сағатын өткізді.

Бүгін мектебімізде аудан прокурорының орынбасары Жеңіс Берікұлы Зейнуллин, Кәмелет жасқа толмағандар инспекторы, полиция майоры Е. Жунусов және КТІТ ПУИ полиция лейтенанты Ж. Шаймергенов 8-11 сынып оқушыларына тәртіп бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік жағдайларды ескеру, әлімжеттілікті болдырмау мақсатында дәріс сағатын өткізді. Жиын барысында Ж. Б. Зейнуллин оқушыларға өз міндеттері мен құқықтың жауапкершілігі жайлы, заң шеңберіндегі тәртіптік жазалар туралы толығырақ мәлімет беріп, жаман әдеттерден сақ болуларына шақырды.

28.09.2023

Бүгін, оқушылар арасында өрт қауіпсіздігі ережелері, өртке қарсы әрекеттерді білу мақсатында аудандық білім бөлімі мен Айыртау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бірлескен мектеп оқушылары үшін ZOOM конференциясы болды. 1-11 сынып оқушыларына арналған конференцияда өрт болған жағдайда қолданылатын іс-әрекеттер мен қауіпсіздіктің сақталуы, өрттің алдын алу туралы мағлұмат айтылды.

Бүгін облыс орталығы Петропавл қаласында республикалық "Ақберен" өнер байқауының облыстық кезеңі өтті. Ауданымыздың намысын қорғаған, мектебіміздің 9-сынып оқушысы Қуандық Наргиз "Ақындар мүшәйрасы" номинациясы бойынша жүлделі 3-орынға ие болды. Наргиз оқушымызды құттықтап, әрдайым өнер биігінен көрінуін тілейміз.

Аудандық білім бөлімінің 21. 09. 2023 жылғы №35. 3-2/760 хатының негізінде бүгін мектебімізде антитеррорлық әрекеттерге қарсы оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Қоса берілген алгоритм аясында өткізілген іс-шараға аудандық ІІБ қызметкерлері де атсалысты. Ғимарат ішінде белгісіз бөгде заттың табылуы анықталған жағдайда мектеп мұғалімдері, оқушылары мен мектеп қызметкерлерінің әрекеті алгоритмі негізінде өткізілді.

Аудандық білім бөлімінің 21. 09. 2023 жылғы №35. 3-2/760 хатының негізінде бүгін мектебімізде антитеррорлық әрекеттерге қарсы оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Қоса берілген алгоритм аясында өткізілген іс-шараға аудандық ІІБ қызметкерлері де атсалысты. Ғимарат ішінде белгісіз бөгде заттың табылуы анықталған жағдайда мектеп мұғалімдері, оқушылары мен мектеп қызметкерлерінің әрекеті алгоритмі негізінде өткізілді. Алгоритм бойынша жоспарланған барлық іс-әрекеттер шынайы түрде жасалды. ІІБ бөліміне жедел хабарлау, оқушылар мен қызметкерлерді оқшауландыру, арнайы жасаққа баяндау сияқты әрекеттер рет-ретімен өткізілді. Оқушыларға оқыс оқиғалар мен терорлық әрекеттерге тап болған жағдайдағы әрекеттері түсіндірілді.