2023 жылдың 22 қыркүйегінде кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында әлеуметтік педагог Ремпель М.Г. 8 сынып оқушыларымен “Мектептегі ішкі тәртіп ережелері туралы”, “ Оқушылардың құқықтары мен міндеттері”, “Ұялы телефондарын пайдалану ережелері”,

“ Оқушылардың күн тәртібін сақтауы” тақырыптарында әңгімелесулерді өткізді.

«НЕ?ҚАЙДА?ҚАШАН?» атты зияткерлік-танымдылық ойын сайысы

26 қыркүйекте мектепте терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру бойынша оқу-жаттығулар өтті. Оқу-жаттығу кезінде мектеп қызметкерлері мен оқушыларға іс-әрекеттері мен міндеттеріне сәйкес нұсқаулық өткізілді, қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау ұйымдастырылды, техникалық құралдардың іске қосылуы тексерілді.
Мәдениет орта мектебінде "Төрт тоқсан-төрт өнер" Ұлттық мәдени - ағартушылық жобаның "Ақындар айтысы" сайысы бөлімінің іс-шаралар жоспары негізінде "Бізді ақылды ететін-кітап, дана" тақырыбында кітаптар керуені ұйымдастырылды.
Балалар мен жасөспірімдер арасында буллинг, зорлық-зомбылық, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналар жиналысы өтті.Мектептегі психологиялық қызмет және ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы жоспарына сәйкес жағдаяттар шешу ұсынылып, алдын алу шаралары жан-жақты зерттелді, қорытындысында ата - аналар баланы отбасында зорлықтың құрбаны етпеуге, бақытты балалық шақпен қамтамасыз етуге жауапкершілік танытатындарын айтты.
"Театрдың ғажайып әлемі"
Саумалкөл қазақ орта мектебінде 2023 жылдың 21-қыркүйегінде әлеуметтік педагог Ж.З.Такауова 5-11 сынып оқушылары арасында « Көшеде жүру және өзін-өзі ұстау ережелері» тақырыбында әңгіме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға мектеп тәртібін сақтауға, жолда жүру ережесі, қоғамдық жерлерде өзін ұстауы, жол қауіпсіздігі жайлы ақпарат берілді. Жамал Заданқызының өткізген әңгіме сағатына Айыртау аудандық ішкі істер қызметкері Полиция майоры Ержан Жунусов қатысып, тәртіп бұзушылықтың салдары қайда әкеліп соғатынын ескертті.
Новоишим қазақ орта мектебінде 2023 жылдың 26 қыркүйек күні әлеуметтік педагогтардың ұйымдастырылуымен 2 - 4, 5 сынып оқушыларына Кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігі «Теміржол көлігінің қауіптілігі» бірнеше қағидалары, жол қозғалысы ережелерін туралы бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды. 93 оқушы қамтылды.