«Отбасы» күнін өткізу аясында «Леонидовка НМ» КММ-де 5-9 сынып оқушыларымен «Отбасы-басты құндылық» атты сынып сағаттары өтті.
«Отбасы» күнін өткізу аясында «Леонидовка НМ» КММ-де 5-9 сынып оқушыларымен «Отбасы-басты құндылық» атты сынып сағаттары өтті.
2023-2024 оқу жылының басталуы бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ауданда отбасының әлеуметтік мәртебесіне қарамастан 1-4 сынып аралығындағы барлық оқушылар үшін тегін тамақтану ұйымдастырылды.
Мектептердегі қорқыту - бұл біздің назарымыз бен әрекетімізді қажет ететін тақырып. Бұл құбылыспен күресудің және барлық оқушылар үшін қауіпсіз орта құрудың маңыздылығын бәріміз мойындаймыз. Бұл мақалада қорқыту деген не, оны қалай болдырмау керек және құрбандар мен бұзақыларға қалай қолдау көрсету керектігін талқылаймыз.
Қорқыту дегеніміз не?Қорқыту – бұл басқа адамның құқықтары мен қадір-қасиетін бұзу үшін физикалық, ауызша немесе әлеуметтік агрессияны жүйелі және қасақана қолдану. Бұл құбылыс ауызша қорлауды, оқшаулануды, физикалық зорлық-зомбылықты және цифрлық қудалауды қоса алғанда, көптеген нысандарда болуы мүмкін. Қорқыту балалардың физикалық ғана емес, психологиялық денсаулығына да зиян тигізуі мүмкін.
Әке, ана, мен спорттық отбасымын! 15 қыркүйекте «Әкем, анам, мен – спорттық отбасы» атты спорттық шара өтті. Отбасы күніне арналған. Командаларға жүгіру, коньки тебу, секіру бойынша қызықты, кейде өте қиын жарыстар ұсынылып, олар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсете білді. Қорытынды бойынша: 1-орын Петровтар отбасы, 2-орын Лебедько отбасы, 3-орын Бондарено отбасы және Сейітқасымовтар отбасы.Командалар Құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталды! Барлық қатысушылар үлкен қуат пен жағымды эмоциялар теңізіне ие болды.
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің "Біртұтас тәрбие " кешенді бағдарламасына сәйкес мектеп-интернатымызда
"Ұлттық құндылық- тәрбие бастауы" атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың міндеті.
#БіртұтастәрбиеАқтөбе

Бүгін қыркүйек айының 15-күні «Төрт тоқсан-төрт өнер»

ұлттық мәдени -ағартушылық жобаның 11.09-24.10 аралығында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп кітапханашысы А. Ш. Нұрбахтинова алтыншы сынып оқушыларымен «Бізді ақылды ететін кітап-дана» атты кітаптар керуенін ұйымдастырды. Оқушыларға қазақ жазушыларының көркем шығармалары таныстырылып, мәнерлеп оқу сағаты өткізілді.

Бүгін, Саумалкөл қазақ орта мектебінде Қазақстан халқы тілдері онкүндігіне орай "Қазақ тілі - үш тілдің біріншісі, бастысы, маңыздысы" тақырыбында 11- сынып оқушылары арасында дебат ұйымдастырылды. Спикерлер Үкімет (жақтаушы топ) және Оппозиция (қарсылас топ) болып, өздерінің тақырыбына (қарар) аргументтер келтіріп, идеялар сараптап, ұсынған кейстерін талдады. "Тіл- тұғыр" тобы өз аргументтерін нақты, дәл бере отырып, жеңіс тұғырынан көрінді. Болашақта дебат ойындарында оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
Тілдер онкүндігі жоспарына сай орыс тілі мұғалімі Г. А. Айтимова "Менің Отаным -Қазақстан" тақырыбында 5"Б" сынып оқушыларымен "Умники и умницы" интеллектуалдық ойын сабағын өткізді. Ойынға қызыға бар ынтасымен қатысқан оқушылар үлкен әсерге бөленді.

Қыркүйек айының 14-і күні мектебімізде ата-аналар жиналысы болды. Күн тәртібінің:

1. Жаңа 2023-2024 оқу жылында оқу үдерісінің ұйымдастырылуы.

а) мектеп ұстаздары мен оқушыларының сапалық құрамы;

ә) мектепке оқушылардың тасымалдануы;

б) мектепішілік тәртіп жайында мектеп директоры

М. Олжабаева баяндады.

Директордың ТІЖО Е.Алгожин. "Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы мен балалар қауіпсіздігі" туралы мәлімдеме жасады.

Орта білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар және буллингтің алдын алу жолдарын мектеп психологі А. Азбергенова ата-аналарға ақпарат берді.

Әлеуметтік педагог Ж.Такауова мектепте "Ыстық тамақтың ұйымдастырылуы" жайында ата-аналарға толық ақпарат берді.