Меню KDT

Новости

Главная Новости

29.08.2023

"Мектепке жол" акцияға атсалыс!

"Мектепке жол" акция атсалыс!
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің бастамасымен Облыстық Білім басқармасының 18.07.2023 жылғы #5-15-2/4267 шығыс хаты негізінде "Мектепке жол" атты республикалық акциясы өтеді.
Осыған орай облысымыздағы жүрегі кең, қайырымды жандарды жыл сайын дәстүрге айналған республикалық " Мектепке жол" акциясына үлес қосуға шақырамыз

29.08.2023

Екі күндік оқыту семинары.

24-25 тамыз аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Людмила Евгеньевна Сурмина екі күндік оқыту семинарына белсене қатысты.

29.08.2023

Бос орын

Астана қаласы әкімдігінің «Әлкей Марғұлан атындағы  №40 мектеп-лицей» КММ, ҚР БЖҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес педагогтің бос немесе уақытша бос  лауазымына тағайындау конкурсын  2023 жылдың 29 тамыз және 07 қыркүйек айы аралығында жариялайды.

29.08.2023

Петропавл қаласында Әділетті қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт тақырыбында өткен облыстық дәстүрлі тамыз кеңесіне әріптесіміз бастауыш сынып мұғалімі Ақзейнеп Нысанбайқызы Байтенова қатысты. Аталған жиында Ақзейнеп Нысанбайқызы білім саласын дамыту жолында қол жеткізген табыстары мен қосқан үлесі үшін Оқу ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың АЛҒЫСЫМЕН марапатталды.

Петропавл қаласында Әділетті қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт тақырыбында өткен облыстық дәстүрлі тамыз кеңесіне әріптесіміз бастауыш сынып мұғалімі Ақзейнеп Нысанбайқызы Байтенова қатысты. Аталған жиында Ақзейнеп Нысанбайқызы білім саласын дамыту жолында қол жеткізген табыстары мен қосқан үлесі үшін Оқу ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың АЛҒЫСЫМЕН марапатталды.

29.08.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысушыларды құттықтап, алғыс айтты

"Сіздерді білім беру саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы қарсаңында педагогтердің басын қосып, өскелең ұрпаққа білім, тәрбие беру мәселесіне қатысты алқалы жиын өткізу игі дәстүрге айналды. Бұл - еліміздің болашағына ықпал ететін маңызды бас қосу. Сапалы білім беру бәсекеге қабілетті, өркениетті ел болудың кепілі.

29.08.2023

ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесіне қатысушыларға құттықтау жолдады

Президент құттықтауын Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздерді білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа оқу жылы қарсаңында педагог мамандардың басын қосып, өскелең ұрпаққа білім, тәрбие беру мәселесіне қатысты алқалы жиын өткізу игі дәстүрге айналды. Бұл - еліміздің болашағына ықпал ететін маңызды басқосу. Сапалы білім беру бәсекеге қабілетті, өркениетті ел болудың кепілі. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы ілім, ғылымның жемісі екендігі сөзсіз. Сауатты ұрпақ өсіру арқылы ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастыра аламыз. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Мектептің жаны мұғалім, мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы», деген. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың білімді, еңбекқор әрі отаншыл болуына байланысты», - деді Мемлекет басшысы құттықтауында.

Президент жастарды адал азамат етіп тәрбиелеу, олардың бойына ізгі құндылықтарды сіңіру аса маңызды міндет екендігіне назар аудартты.