Маусым айының 9-ы күні мектебіміздің негізгі курсын аяқтағалы отырған 9-сыныптың 26 оқушысы үшін орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінен жазбаша түрде мемлекеттік емтихан өтті. Жалпы уақыты 2 сағаттық емтиханды оқушыларымыз ойдағыдай тапсырып шықты. Алдағы таңдау пәнінен тапсыратын емтихандарына сәттілік тілейміз.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Саумалкөл қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(мекен-жайы: СҚО, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Б.Ашимовк-сі, 81А, тел.8(715) 33- 28-238, 8(715) 33- 28-239

e-mail: ksh_2008@mail.ru

Математика, информатика, химия пәні мұғалімдерінің 1 еңбек жүктемесі бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Лауазымдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;

оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуни-кациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік

нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

ата-аналарға кеңес береді;

кәсіби құзыреттілікті арттырады;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды; білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы

мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Лауазымдық жалақысының мөлшері еңбек өтіліне байланысты 205000 теңгеден 430000 теңгеге дейін.

Жаз келді.Балалар жазғы мектеп ларерінде демалыстарын өткізуде.Мектебіміздің барлық оқушылары "Солнышко" жазғы лагеріне барады.Лагерь кез келген баланың ашылуына, өзін-өзі бағалаудың және өзін-өзі жүзеге асырудың жоғары деңгейіне жақындауға мүмкіндік береді.