Мектептің медицина қызметкері "Солнышко" жазғы сауықтыру лагеріне баратын балалармен "жәндіктердің шағуына алғашқы көмек"атты әңгіме өткізді.
2023 жылдың 6-8 маусым аралығында Айыртау ауданында «Шағала» балалар сауықтыру ларегінде алғаш рет «Тарихқа тағзым – болашаққа бағдар» атты жас өлкетанушыларға арналған облыстық слет өтті.<br />Іс-шараның негізгі мақсаты ортақ тарих, өз жеріне, өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік негізінде жалпықазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру болды.
Бүгін, маусым айының 8-і күні, "Қазақстан – бақытты балалық мекені!» тұжырымдамасы негізінде, жазғы демалыс кезеңіндегі балалардың сауықтырылу демалысын, бос уақытын қадағалау және салауатты өмір салтының сақталуын ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы "Ұлан" сауықтыру лагерьінің оқушыларымен жазғы "Ұлан" тобы лагерьінің жопарына сәйкес, кітапханашы А. Ш. Нұрбахтинова "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ертегі оқу сағатын өткізді.
<div>Құрметті ата-аналар!</div><div>Саумалкөл қазақ орта мектебі 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттар қабылдайды. 1-сыныпқа 6 жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады. Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінен басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды қабылдау mektep.snation. kz сайты арқылы жүргізіледі.</div>