<p>"Лавровка ОМ" КММ-де мектеп жанындағы лагерьде күн әдептілікпен басталды. Мұғалім Садвақас А. Б. жетекшілігімен балалар жаттығулар жасады. Тәрбиеші Гомилко Л.В. балалармен Қауіпсіз тәртіптік ережелері бойынша нұсқаулық өткізді. Балалар кітапханашы Ш.М. Копешова өткізген "Этикет білгірлері" ойын - викторинасына белсенді қатысты. Ойын бөлмесінде «Өз арманындағы үйлерін» салды. Барлық балалар көңілді және жайдары ашық ойындар ойнады. Олар үйге жақсы көңіл-күймен барды.</p>
Жазғы демалыс кезінде оқушылардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған қауіпсіздік шараларын арттыру мақсатында білім алушыларымен қауіпсіздік техникасын, жол жүру ережелерін сақтау, суда, адамдардың көп жиналатын жерлерінде өзін ұстау ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізілді.
4 маусымда шағын орталықта Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар өтті.
"Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні" Ұлттық ақпараттық науқан аясында әлеуметтік педагог Лукьянова Татьяна Михайловна 9 сынып оқушыларымен "Балалар еңбегі. Оқушылар Қазақстанда жазғы демалыс кезінде жұмыс істей алады" туралы әңгіме өткізілді.