Астана қаласы әкімдігі "Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі" 2023 жылдың 01 маусым айынан бастап мектепалды даярлық сыныбына (0-сынып) оқушылардың құжаттары қабылданатынын хабарлайды. Қажетті құжаттар тізімі төменде көрсетілген.
«Әр мемлекеттің дамуы, болашағы білімді, мәдениетті, дені сау азаматтарға байланысты. Ал ұстаздар осындай азаматтарға білім береді. Біздің оқушыларының халықаралық, республикалық байқауларға қатысып, жеңімпаз атануы ұстаздардың еңбегі. Биылғы жылы көптеген шәкірттеріміз халықаралық, республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар тек мектептің ғана емес, ғана емес, бүкіл Астанамыздың беделін көтерді.<br />Осыдан 11 жыл бұрын білімнің мерейлі мекені алтын ұя мектебіміз өз есігін алғаш ашқан болатын. 2012 жылы тарыдай болып келген балапандарымыз міне бүгін мектеп бітіруші түлек атанып отыр. Биыл бізде 134 оқушы үлкен өмір жолына қадам баспақшы!<br />Түлектер арасында жылдар бойы мектептің қоғамдық өміріне ат салысып жүрген белсенді оқушыларымыз бар.
1 маусым күні мектебімізде «Соңғы қоңырау-2023» мерекелік іс-шарасы өтті. Бұл күні мектептің мерекелік безендірілген залына оқушылар, ұстаздар, ата-аналар, шақырылған қонақтар жиналды.
<div>Құрметті балалар! Сіздерді ең жарқын және қуанышты мерекелердің бірі-балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!</div><div>Балалық шақ - кез келген адамның өміріндегі ең сиқырлы уақыт, яғни бала болу-сиқырды жасаушы болу.</div>
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді 2022-2023 оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Соңғы қоңырау мерекесі құтты болсын!Келесі сыныпқа өткен мектеп оқушыларының көпшілігі үшін көптен күткен жазғы демалыс уақыты басталады.
31 Мамырда "Лавровка орта мектебі" КММ-де сынып жетекшілері мен тарих пәнінің мұғалімі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған әңгімелер өткізді. Оқушылар "Саяси қуғын-сүргін" ұғымы туралы ақпарат алды, XX ғ 30-50-ші жылдар кезеңіндегі Қазақстан аумағындағы лагерьлер жүйесі туралы білімдерін жаңартты. Іс-шара бір минут үнсіздікпен және мұғалімнің сөздерімен аяқталды: "Бүгін біз көптеген тағдырларды түбегейлі өзгерткен тарихқа тоқтала алдық. Неге? Неліктен? Адамдар не үшін зардап шекті? Бізге ешкім жауап бермейтін шығар. Өмір жалғасуда. Біз зорлық-зомбылық, теңсіздік жоқ басқа әлемде өмір сүріп жатырмыз. Барлық ұлттар бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. Әрқашан солай болсын!» Жазғы демалыс басталар алдында біздің мектепте " Менің қауіпсіз жазым!» Оқушыларға қауіпсіз мінез-құлық, өз денсаулығына ұқыпты қарау туралы тағы да еске салынды; жол қозғалысы ережелеріне, қауіпсіз велосипедке, скутерге ерекше назар аударылды; өрт қауіпсіздігі ережелерін, су айдындарындағы мінез-құлық ережелерін, түнгі уақыт туралы заңның сақталуын және т. б. қайталады. Балалар, сіздерге жаздың жағымды және қауіпсіз демалысын тілейміз!