Өткізілген іс шараға оқушылар және қонақтар катысты.Окушылар би билеп,ән айтып өз өнерлерін көрсетті.Аталған кеш өз деңгейінде өтті.
2023 жылдың 14 күні Алаштың ақиық ақыны М. Жұмабаевтың 130 жылдығына орай ұйымдастырылған, «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі, ақынның туған жері Сартомар ауылында өтті.
Мамыр айының 26- 27-сі күндері Мағжан Жұмабаев ауданы Сарытомар ауылында "Мағжан оқулары" республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтті. Бұл оқуларға аудандық Мағжан оқуларынан жеңімпаз атанған оқушыларымыз қатысып қайтты.
Мамыр айының 26-сы күні мектебіміздің төртінші сынып оқушыларына арналған "Білім басы бастауышта қаланар" тақырыбында білім алудың алғашқы сатысы-бастауышпен қоштасу сағаты өтті. Сынып жетекшілері: М. Қ. Науанова, З. Ы. Казбекова және С. Е. Арапова ұйымдастырған іс-шараға оқушылармен бірге ата-аналар қатысты. Мектеп директоры М. О. Олжабаева оқушыларды құттықтап, білім шыңының биігіне шығуларын тіледі. Балаларының білімдері мен өнерлеріне ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, қуаныштарымен бөлісті.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Балалардың игілігі үшін" республикалық акция шеңберінде мектебіміздің аға тәлімгерлері А. Ж. Абирова мен С. Ж. Жакупова челленджі ұйымдастырды. Балалар мерекесі қарсаңында Саумалкөл ауылы тұрғындары Шоқан мен Әйгерім Қасымовтардың отбасының "Бала-бақыт, көп бала- мол бақыт" бейнеролигі түсірілді. Қасымовтар әулетіне береке мен бақыт тілейміз.
<p>Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің озық идеяларын тәжірибеде іске асыратын шығармашыл, дарынды педагогтерді анықтау және қолдау мақсатында 2023 жылғы 29 мамыр күні арнайы және инклюзивті білім берудің «Үздік оқу-әдістемелік құралы» облыстық конкурсын ұйымдастырды.</p>
<a class="_11JPr selectable-text copyable-text" title="https://www.facebook.com/100022812277574/videos/1904758413225970/" href="https://www.facebook.com/100022812277574/videos/1904758413225970/" target="_blank">https://www.facebook.com/100022812277574/videos/1904758413225970/</a>