Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысын оң бағалады. Прокуратура органдары қысқа мерзімде ауқымды жұмыс атқарды – мұндай көлемдегі қаражат осындай қысқа уақытта бұрын-соңды қайтарылған емес. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңды іске асыру аясында олигополия субъектілерінен 1,3 трлн теңгеден астам қаражат өндірілді, оның шамамен 850 млрд теңгесі мемлекет кірісіне түсті.

“Отбасылық социограмма” әдістемесі алынды.

Мақсаты: “Баланың отбасындағы қарым-қатынасы мен эмоциалдық күйін диагностикалау

Өткізген: педагог-психолог Болатбек М.

Мәденит үйі ұйымдастырған байқаудан” Ана тілім-айбыным” атты көркем сөз байқауынан

Бас жүлде Абылайқызы Айым 1”ә” сыныбы.

1 орын Ахметжан Нұрдос 7”б” сыныбы.

2 орын Дали Сезім 2”а” сыныбы. Оқушыларға шығармашылық табыс тілейміз!!!

2025 жылдың 18 қыркүйегінде «Адал Азамат» бағдарламасы және «Ауыл зейнеткерлеріне көмек» акциясы аясында «Пески орта мектебі» КММ 9-сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге ауыл тұрғындары Мушта Л. мен Чечета Г.В.-ға қолдан келген көмектерін көрсетті.

Оқушылар зейнеткерлердің үйлерінің аумағын ретке келтіріп, шаруашылық істеріне жәрдемдесті. Барлық жұмыс жылы, достық қарым-қатынаста өтті.

Мұндай акция тек еңбекке көмектесу ғана емес, сонымен қатар үлкендерді құрметтеуге, мейірімділік пен жанашырлыққа тәрбиелейді. Оқушылар бастамашылдық, еңбекқорлық және үлкен буынға шынайы жылы қатынас танытты.