Оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты тәрбиелеу шеңберінде құқықтық сана мен азаматтық ұстанымды дамыту мақсатында, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық көріністерінің қолайсыздығына үйрету үшін "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!"

08.12.2025ж 8-9- сыныптар аралығында Халық қаһарманы-Бауыржан Момышұлының 115 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадірлеу. Оқушыларға батырдың өмір жолын, мәңгі өшпес ерлігін таныстыру. Оқушыларды ұлтжандылыққа, бауырмалдыққа, батырлыққа баули отырып тәрбиелеу.

Сынып жетекшілер: Сеитова Г. Г, Куттыгожа Н.И

"Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін түсіндіру.

Жас ұрпақ бойында еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Өз елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу. Тәуелсіздік алғаннан кейіңгі жеткен жетістіктермен таныстыру.

Өткізген: Канаева С.В. сынып жетекші.

"Сабақ аяқталған соң"бағыты бойынша 1орын Сарсенбаева Гулжамила Мырзабаевна М Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі
Шеберлік палитрасы бағыты бойынша 1-орын Көшербай Тілектес Серікбайқызы М Әбдіхалықов атындағы мектеп гиназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қысқы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің «Жас сақшы» жасақ мүшелері республикалық «Жүргізуші, абай бол!» флешмобына қатысып, жол қауіпсіздігіне бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ жанындағы интернат балалар мен " Гендерлік зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс- қимыл"
Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы «Белсенді әрекет етудің 16 күні» халықаралық науқаны аясында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмысы арқылы бейбітшілік, достық және келісім құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Пески орта мектебі» КММ-де 1–4 сынып оқушылары арасында «Бейбітшілік пен келісімде өмір сүреміз» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Қарашаның 29 күні мектебімізде 🎖 Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған “Ер есімі – ел есінде” 5–6 сыныптар арасындағы мәнерлеп оқу сайысы өтті Ұлағатты шараға қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз! Өнерімен, жүрекпен оқыған жырларымен көрермендерді тәнті еткен озаттарымыз төмендегідей марапатталды: 🥇 1-орын – Жаңабай Арайлым 🥈 2-орын – Балтабай Досжан 🥉 3-орын – Оразбай Жанерке 🌟 Көрермен көзайымы – Сырым Айша 🎤 Ең әсерлі дауыс – Қалбек Айгүл Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Батыр бабамыздың ерлігі ұрпақ санасында мәңгі жаңғыра берсін! 🇰🇿✨
📚Мектеп кітапханасында танымдық іс-шара өтті 24 ші қараша күні мектеп кітапханашысы Г. Урунбасарова оқушыларға арналған тәрбиелік және танымдық бағыттағы іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушыларға қазақ әдебиетінің әйгілі жазушысы, балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі – Сапарғали Бегалиннің өмір деректері мен шығармашылық жолы кеңінен таныстырылды.
📌 «Қамқоршылық және сүйіспеншілік» тақырыбына арналған ашық есік күні 18 қараша күні «№1ЖББМ»КММ-нің психологы ата-аналарға арнап Ашық есік күнін өткізіп, шараның негізгі өзегін «Қамқоршылық және сүйіспеншілік» тақырыбына арнады. Бұл тақырып кездесу барысында барлық тренингтердің мазмұны мен маңызын айқындап, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты күшейтуге бағытталды.