2026 жылғы 16 қазанда «Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-де «Психикалық денсаулық – ұлттың саулығы» психологиялық онкүндігі аясында «Төзімділік фестивалі. Мен қиындықтарды жеңіп, қалпыма келе аламын» атты іс-шара өткізілді.Мақсаты: оқушылардың психологиялық тұрақтылығын дамыту, қиындықтарды жеңу және эмоционалдық тепе-теңдікті қалпына келтіру дағдыларын бекіту.Міндеттері: өз эмоцияларын тану, ішкі ресурстарын анықтау, қолдау сұрау және күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар «Эмоциялар», «Дене», «Ресурстар», «Икемділік», «Қолдау» және «Менің келесі қадамым» бағыттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.Оқушылар жаттығуларға белсенді қатысып, өмірлік жағдаяттарды талдады, қиындықтарды жеңудің түрлі жолдарын іздестірді және өз күштерін қалпына келтіру үшін қолжетімді ресурстарды пайдалануды үйренді.Іс-шара соңында оқушылар алған білімдерімен бөлісіп, икемділік таныту, өз күшіне сену және қажет кезде көмек сұрау арқылы қиындықтарды жеңуге болатыны туралы қорытынды жасады.Өміршеңдік – қиындықтарды жеңе білу және алға ұмтылу!
16 қазанда «Кәкімбек оқулары» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға мектебіміздің оқушылары да қатысты.
Белик Владислава «Сыршыл ақын» номинациясы бойынша, ал Төлеген Аяулым «Сұлу сазға сұранған» номинациясы бойынша өнер көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша оқушыларымыз құрметті III орындарға ие болды! Владислава мен Аяулымды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру және оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту аясында 2026 жылғы 16 қазанда «Ломоносов орта мектебі» КММ-де мектеп парламенті президентінің сайлауы өтті. Дауыс беруге оқушылар, педагогтер және мектеп қызметкерлері қатысты. Әрбір қатысушы өз таңдауын білдіріп, мектеп қауымдастығының мүдделерін лайықты қорғай алады деп сенетін кандидатты қолдауға мүмкіндік алды.

2026 жылдың 16 қазанында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Оқитын мектеп» жобасы аясында 1–4 сынып оқушылары арасында «Оқитын отбасы – оқитын ұлт» отбасылық әдеби онлайн-челленджі өтті.

2026 жылдың 16 қазанында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханасы ең кішкентай қонақтар — «Ақ бота» балабақшасының ересектер тобының тәрбиеленушілері үшін өз есігін айқара ашты! Мектепке дейінгі балалар үшін бұл оқиға ертегі әлеміне жасалған нағыз саяхатқа айналды. Балалар кітаптар мен сүйікті ертегілерін үлкен қызығушылықпен қарап, кітапты қалай күтіп ұстау керектігін және нағыз оқырман болу нені білдіретінін білді.

15 қазанда "№2 Новоишим орта мектебі" КММ-де 5-7 сынып оқушылары арасында Күзгі бал өтті.

Қыркүйек айында бастауыш сынып оқушылары арасында «12 ай – 12 кітап» жобасы ұйымдастырылды. 📖✨