📚 Ата-аналарды педагогикалық қолдау дәрісі
Бүгін 5–9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Жасөспірімдердегі ұйқы: оқуға және мінез-құлыққа әсері» тақырыбында дәріс өтті.
💬Дәріс барысында:
ұйқының жасөспірімдердің денсаулығы мен оқу үлгеріміне әсері,
Облыстық информатика пәні мұғалімдерінің “Алтын диск” олимпиадасының аудандық кезеңінде мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Терекқызы Назгүл жүлделі ІІ орын иеленді!
Мектеп ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! 🌟
«Республикам – мақтанышым» атты мерекелік іс-шара аясында 21.10.2025 ж. күні мектебімізде 🇰🇿 «Қазақстаныма арнаймын» мәнерлеп оқу сайысы 5–6-сыныптар арасында өтті! Мақсаты: Оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, туған елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, көркем сөз оқу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
📢 «Республикам – мақтанышым!» атты мерекелік іс-шара аясында 2–4 сыныптар арасында «АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ!» атты сурет байқауы өткізілді. 🎨🇰🇿 Байқаудың мақсаты – оқушылардың бойында Отанға, туған жерге, елдің негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясына деген құрмет сезімін қалыптастыру, елжандылыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын дамыту.
🇰🇿 Қыран елім – Қазақстан! Мектебімізде патриоттық рухты нығайту мақсатында "Қыран елім – Қазақстан" атты челлендж ұйымдастырылды. Жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігі мен отансүйгіштік рухы – еліміздің жарқын болашағының кепілі! 💙🦅 #ҚыранЕлімҚазақстан #ПатриоттықЧеллендж #БіздіңМектеп #ЖасҰрпақ #ОтанСүйгіштік
🇰🇿 Республикам – мақтанышым! Апталық жоспарына сәйкес мектебімізде “Гимн шырқаймыз – бірлікке үн қосамыз” атты патриоттық шара өтті. Оқушыларымыз Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқап, елге деген сүйіспеншіліктерін паш етті! Жас ұрпақ бойына отансүйгіштік пен бірлік қасиеттерін сіңіру – басты мақсатымыз! #РеспубликамМақтанышым #ГимнШырқаймыз #БірліккеҮнҚосамыз
«Желідегі қауіпсіздік» - Қазіргі заманда қажеттілікті тудырып отырған бүкіл ғаламдық күш ретінде ғаламтор желісі Қазақстандық жасөспірімдердің өміріне әсер етуде. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Адам ұялы сымтетіктер мен компьютерлерге отырған кезде міндетті түрде интернетті пайдаланады.
13-17 қазан аралығында 5-7 сынып оқушыларынан Түркпенұлы Жолмахан әдістемесі бойынша “Ынта ықыласын анықтау картасы” тесті алынды! 📚 Мақсаты: Балалардың тұлғалық ерекшеліктерін анықтау. Мінез-құлық, қызығушылық және қарым-қатынас стилін айқындау.
🇰🇿 Республика күніне арналған апталықтың ашылу салтанаты өтті! 25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде апталықтың ашылу салтанатты жиыны өтті. Іс-шара барысында оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, ел тарихына арналған бейнеролик көрсетілді.
🇰🇿 25 Қазан – Республика күні 🇰🇿 Бүгін мектебімізде 1–11 сынып оқушылары арасында Республика күніне арналған «Республикам – мақтанышым» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті. 📚✨ Мақсаты – оқушыларға тәуелсіз еліміздің жетістіктерін насихаттау, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ел тарихын құрметтеуге баулу.
📅 18 Қазан – Рухани келісім күні «Рухани келісім» күніне орай мектебіміздің 2-сынып оқушылары аудандық мәдени мұражайға танымдық саяхат жасады. 🏛️✨ Саяхатты сынып жетекшілер А. Бишенова мен Ш. Төлесін ұйымдастырып, оқушыларды мұражайдың бай жәдігерлерімен таныстырды.
🌿 "Таза Қазақстан" сенбілігі аясындағы тазалық жұмыстары 🌿 “№1 ЖББМ” КММ -нің кіші қызметкерлері бүгін мектеп ауласында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты. Еңбектеріңізге үлкен алғыс! ✨ Таза мектеп – жарқын болашақ кепілі! 🧹🍃 #ТазаҚазақстан #Сенбілік2025