Меню KDT

Новости

Главная Новости

24.11.2025

🌐 «Қоғам және әлеуметтік желі. Кибербуллинг салдары»

🎮 Ойынға салауатты көзқарас 🌐 «Қоғам және әлеуметтік желі. Кибербуллинг салдары» 📌 5–7 сынып оқушыларына арналған сұхбат-сабақ  Бүгін мектебімізде 5–7 сынып оқушыларына арналған маңызды тақырыптағы сұхбат өткізілді. 💻 Информатика пәнінің мұғалімі Н. Терекқызы оқушылармен ақпараттық қауіпсіздік, онлайн ойындарға деген салауатты көзқарас және кибербуллингтің салдары туралы ашық әңгіме жүргізді.

24.11.2025

📚 "Жасымда ғылым бар деп ескермедім"

📚 "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" 🗣️ 9–10 сынып оқушылары арасында тартысты дебат сайысы өтті!  Бүгін мектебімізде Абай Құнанбайұлының өлең жолына негізделген «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» тақырыбында пікірсайыс ойыны ұйымдастырылды.

24.11.2025

«Дін және қылмыс»

18.09.2025жыл күні «№1ЖББМ»КММ-де Баланы түрлі жаман әдеттерден қорғап, дініміз туралы көбірек мәлімет беру; тіршілікте оның асыл құндылықтарын дұрыс пайдалана білуге баулу мақсатында 9-11 сынып оқушыларына «Дін және қылмыс»тақырыбында түсіндірме жұмыс жүргізіліп, видеоролик көрсетілді. — с Қарақией Бірінші Мектеп Мектепом и ещё 7.

24.11.2025

🎵 "Ұлттық аспапта өнер көрсету"

🎉 Құттықтаймыз! Республикалық "Ақберен" өнер байқауының аудандық кезеңінде оқушыларымыз тамаша нәтижелерге қол жеткізді: 🎵 "Ұлттық аспапта өнер көрсету" номинациясы 🏆 I орын – 8-сынып оқушысы Ақберген Дінмұхаммед 👩‍🏫 Жетекшісі – Аринова Меруерт Қанатқызы 🗣️ "Көркемсөз оқу" номинациясы 🥉 III орын – 10-сынып оқушысы Низамдин Мансур 👩‍🏫 Жетекшісі – Чабаева Мадина Елеусінқызы 🧠

24.11.2025

“Еңбегі адал жас өрен”

“Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында 🍂 Күзгі асар жәрмеңкесі 🍎🥔🎉 Мектебімізде эстетикалық пәндер бірлестігінің мұғалімдері ата-аналармен бірлесіп, берекелі күзгі жәрмеңке өткізді! 🌟  Жәрмеңкеде түрлі жеміс-жидектерден дайындалған дәруменге бай сусындар мен тағамдар, сондай-ақ қол жетімді бағамен картоп, асқабақ, жуа сияқты көкөністер ұсынылды.

24.11.2025

«Әкеден-ақыл»

08.10.2025 жыл күні «№1ЖББМ»КММ-нің 5-8 сынып оқушыларымен «Әкеден-ақыл» тақырыбында Әкелер мектебінің мүшесі Е.Купешовпен кездесу өтті. Мақсаты:Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орынының ерекше екенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту. — с Қарақией Бірінші Мектеп Мектепом и ещё 6

24.11.2025

"Қамқор жобасы"

"Қамқор жобасы" аясында тағзым ету шарасы Бүгін "Адал ұрпақ" еріктілер клубының мүшелері Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан мектеп түлегі С. Әлиевтің зиратына барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл — батыр ағаларымыздың ерлігін ұмытпай, өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған тағылымды шара. Рухыңыз пейіште шалқысын! 🙏  #ҚамқорЖобасы #АдалҰрпақ #ЕрлікЕшқашанҰмытылмайды #САлиев

24.11.2025

«Темекі шегудің, маскүнемдіктің, нашақорлықтың алдын алу»

Жас  ұрпаққа  адам  денсаулығының  қымбаттылығын,  бағалы  байлық  екендігін түсіндіру.  Оқушылардың  зиянды  заттарды  қолдануға  деген  теріс  көзқарастарын  қалыптастыра  отырып, темекінің, алкогольдің, нашақорлықтың ағзаға  тигізетін  әсері  және  одан  туындайтын  ауру  түрлерін  білуге  тәрбиелеу.

24.11.2025

🎵 "Саз әлеміндегі жұмбақтар"

🎵 "Саз әлеміндегі жұмбақтар" зияткерлік сайысы 🎵 Эстетика, дене тәрбиесі және АӘД онкүндігі аясында 2025 жылдың 10 қазан күні музыка пәні бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында "Саз әлеміндегі жұмбақтар" атты сыныптан тыс зияткерлік сайыс өткізілді. Іс-шараны музыка пәнінің мұғалімі М. Аринова ұйымдастырып, жүргізді.

24.11.2025

18 жалпы орта мектебінің үздік мазмұндамалары

«Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» тақырыбында 7–11 сынып оқушылары жазған үздік мазмұндамалар жинағы дайындалды. Оқушылар өз жұмыстарында құқықтық сауаттылықтың, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздіктің маңызын терең ашып, полиция қызметкерлерімен өзара ынтымақтастықтың қажеттілігін әсерлі жеткізді.

24.11.2025

Пески орта мектебі КММ-нің медицина қызметкері Шостик Н.Г. 1–4 сынып оқушыларымен «Пайдалы тағам — күш пен сергектіктың кепілі!» тақырыбында әңгіме жүргізді.

Мақсаты:

1–4 сынып оқушыларына дұрыс тамақтанудың денсаулықты сақтау, ағзаның дамуы, күш пен сергектікті қалыптастыру үшін маңызын түсіндіру.

Әңгіме барысында балалар пайдалы және дұрыс тамақтанудың маңызы, дәрумендердің пайдасы, тамақтану тәртібі және сапалы, табиғи өнімдерді таңдаудың қажеттілігі туралы ақпарат алды.

24.11.2025

5-9 сыныптарға арналған «Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік » тақырыбында сынып сағаттары өтті.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектебімізде 5-9 сыныптарға арналған «Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік » тақырыбында сынып сағаттары өтті.

Мақсаты :

• Оқушыларға «жауапкершілік» ұғымын қарапайым, түсінікті тілде жеткізу;

•Өз ісіне жауап беру, тапсырманы соңына дейін орындау, заттарын реттеу дағдыларын қалыптастыру;. •Мінез-құлық мәдениетін, адалдық пен әділдікті дамыту

Өткізген:Канаева С.В., Асан Ж.А., Шарипова М. Т., Сеитова Г. Г., Куттыгожа Н. И.