Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы (АПҚКО) аясында 2025 жылғы 29 қазанда «Сенім мен қауіпсіздік» тақырыбында ата-аналарға арналған сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың сенімді қарым-қатынастың маңыздылығын түсінуін қалыптастыру, қауіпсіз және қауіпті жағдайларды ажырату қабілетін дамыту, сондай-ақ өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарпу сезімін тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылармен әңгіме, интерактивті жаттығулар және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған ойын түріндегі жағдайлар өткізілді.
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында
оқушылар «Мамандықтар әлемі» атты іс-шараға қатысып, түрлі мамандық иелерінің жұмыс орындарында болып қайтты.
Мақсаты – әртүрлі еңбек түрлеріне қызығушылықты қалыптастыру және оқушылардың өзін кәсіби тұрғыда анықтауға деген көзқарасын дамыту.

Кездесу барысында балалар еңбек ерекшеліктері, қажетті дағдылар мен жұмыс жағдайлары туралы мағлұмат алды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға және олардың ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.
По проекту " Еңбек адал-жас өрен "
Мектепте ұлттық-патриоттық тәрбие аясында, дәстүрлі қазақ ойыны – «Асық» ойынына арналған іс-шара өткізілді.
Мақсаты – оқушыларды ұлттық мәдениетке баулу, халық дәстүрлерін сақтау мен жаңғырту.

Оқушылар ойынға қызығушылықпен қатысып, ептілік, зейінділік рухын көрсетті.
Мұндай ойындарды өткізу ұлттық мұраға деген құрметті арттыруға және оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.
Игра «Асық»
Байқаудың мақсаты: оқушылардың құқықтық санасын, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және Қазақстан Республикасының заңдарына құрметпен қарауды дамыту.
Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды 5-сынып оқушысы Мишонин Павел иеленді.
24 қазан айында шағын-орталықта Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – балалардың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеу, тәуелсіз Қазақстанның рәміздері мен тарихы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Менің Отаным -Қазақстан
Сұхбат барысында балаларға келесі жағдайлар түсіндірілді:
— мұндай орындарға бару өмір мен денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді;
— иесіз ғимараттарда құлаған құрылыстар, өткір заттар, ашық люктер мен электр сымдары болуы мүмкін ;
— осындай жерлер жарақат пен жазатайым оқиғалардың жиі себебі болады;
— егер таныстарының бірі осындай аумақтарға барса, бұл туралы міндетті түрде ересектерге (ата-анасына, мұғалімге, психологқа немесе сынып жетекшісіне) хабарлау қажеттігі айтылды.
2025 жылғы 23 қазанда алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы Бергенов Д.Б. балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мәселелері бойынша нұсқаулық өткізді.
Мақсаты – оқушылардың жеке қауіпсіздік пен денсаулыққа саналы түрде қарауын қалыптастыру, жарақат алудың алдын алу және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.
Байқау бағдарламасында келесі кезеңдер қамтылды:
• сыныптардың визит карточкалары;
• « Күз ханзадасы мен ханшайымы» сән байқауы және дефилесі;
• музыкалық және би нөмірлері;
• күз тақырыбындағы викториналар мен көңілді сайыстар.

Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Күз ханшайымы – 2025» — Иост Вероника
«Күз ханзадасы – 2025» — Вахненко Павел

«Күзгі асар» атты күзгі бұйымдар байқауында 8-сынып І орынды иеленді.
В преддверии государственного праздника — Дня Республики Казахстан — в школе был проведён классный час, посвящённый этому знаменательному событию.

Цель мероприятия — формирование у учащихся чувства патриотизма, уважения к государственным символам, истории и традициям своей страны, воспитание гордости за Родину.
Мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасы күні қарсаңында, мектебімізде сынып сағаттары өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге, ел тарихы мен дәстүрлеріне құрметпен қарау, Отанға деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу.
«Аксеновка орта мектебінің» КММ 5–11 сынып оқушыларының қатысуларымен әлеуметтік педагог Науанова Мариям Жарасовна кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында әңгіме жүргізді.
Оқушылар балалардың мінез-құлқына ата-аналар жауапты екенін білді. Мәселен, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің бейәдеп сөздер қолданғандары үшін ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін.
Сабақ барысында оқушылар тәртіп сақтау, айналасындағыларға құрметпен қарау және өз іс-әрекеттеріне саналы түрде жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын талқылады.
Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесі қарсаңында мектебімізде келесі ойындар ұйымдастырылды:
1-ойын – викторина «Менің Қазақстаным»;
2-ойын – «Асық боулинг»;
3-ойын – «Асық алу»;

Ойындарға сынып жетекшілер мен 1–10 сынып оқушылары қатысты.

Командалардың нәтижелері бойынша:
Бастауыш сыныптар арасында:
1-орын – «Дала балалары» тобы (4-сынып);

Орта және жоғары буын сыныптары арасында:
1-орын – «Батырлар» тобы (8-сынып);
1-орын – «Жас қыран» тобы (7-сынып);

Шараны ұйымдастырудаға жауапты тұлғалар: тарих пәнінің мұғалімі Құмарова С.Ж. және 11-сынып.