Соғыстың аяқталуына 15 ақпанда 31 жыл толады. Осыған орай Ауған соғысының ардагері,Суаткөл ауылының тумасы Жакин Ерлік Сейдахметұлының қатысуымен "Ауғаныстан қайғы мен естелік" атты ерлік сабағы өткізілді.
Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, 2020 жылдың 14 ақпанында «№23 орта мектеп» КММ салтанатты іс - шара өтті

Сыныптан тыс іс-шара

Нұр-Сұлтан қаласындағы білім беру мекемесі «№ 21 орта мектеп» КММ-де 11.02.2020 жылы сағат 12:00-де мәжіліс залында «Қыздар , келіңдер!» атты бәселестік сайысы 5-6 сынып қыздарының арасында , еңбек пәнінің мұғалімі Шибучикова К.Ш –ның ұйымдастыруымен өткізілді.Сыныптан тыс іс-шара жоғары деңгейде , шарықтау шегіне жетті.

2020 жылдың 14 ақпаны күні «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
«Білгірлер» байқауына Благовещенка жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Семей Мөлдір қатысып
III- орынды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Камытоякова М.С.
Жеңімпазымызды, құттықтаймыз!
Аққайың ауданы , «Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі мұғалімдері Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы »Заңын үлкен қуанышпен қабылдады. Әрбір мұғалім Заңның 21 бабын да мұқият оқып, өзара пікір алысты. Мектепте Заңды талқылау әр түрлі формада өтті: өндірістік жиналыста, әдістемелік кеңес отырысында, әдістемелік бірлестік отырыстарында. Ұстаздар өз ойларын ортаға салып, үкіметіміздің бұл заңының әрбір педагогке шабыт беретінін қуанышпен айтып берді. Өндірістік жиналыста сөз сөйлеген З.А.Сапарова,И.А.Сатубалдинова,Г.М.Бекмағамбетова сияқты пән мұғалімдері «Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары» туралы 7-баптағы мұғалімдердің кәсіптік қызметін жүзеге асырудағы қамтамасыз етілетін тиімді жағдайларды , Заңды қолдайтындықтарын атап өтті. «Педагогтік әдеп» /5- бап/ туралы талдағанда, мектеп әкімшілігі де : «Бұл –аса маңызды құжат, ұстаздардың мерейін үстем етіп,абыройын көтеріп отыр, ендеше ұстаздар да бар күш-жігерін жас ұрпаққа сапалы білім беруге жұмсап, педагогтік әдепті сақтауға міндетті» ,-деп ұжымды үлкен жауапкершілікке шақырды. Мектеп мұғалімдері «Педагог мәртебесі туралы» Заңды бірауыздан құптады.

Белгілі ақын Есләм Зікібаевтың шығармаларымен танысу «Жүрегіне жыр ұялаған» атты таным сағатқа жерлесіміздің туындыларынан көрме ұйымдастырылды. Кеш барысында ақын, журналистің өлеңдері оқылып, шығармашылығы жайлы баяндамалар тыңдалды.

Қаламы ұшқыр журналист, көсемсөз шебері Есләм Зікібаев 2002 жылы дүние салды. Ақынның артынан өшпес мол мұра қалды. Есләм Зікібаев ақындығымен қатар, башқұрт-қырғыз, түркмен ақын-жазушыларының шығармаларын аударған.

17 ақпанда саптық тізімде оқушылар Курска шайқасы туралы айтты. Сондай-ақ, «Жарқын болашақ» олимпиадасына қатысқан оқушылар марапаттармен марапатталды.
Ауылдың танымал адамдарын танып, насихаттау мақсатында, мектепте дәстүрлі "Есләм күндері" апталығы өтілді. Есләм Зікібаев 5.06.1936, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының Өрнек ауылының тумасы - ақын, жазушы. Оның "Құс ғұмыр.", "Аққу-арман" өлеңдер жинағымен оқушылар танысып, талдап, пікір алмасты.