Меню KDT

Новости

Главная Новости

15.02.2020

2020 жылғы 14 ақпанда «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының № 14 орта мектебі» КММ-мен бірлесе

2020 жылғы 14 ақпанда «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының № 14 орта мектебі» КММ-мен бірлесе

15.02.2020

«Рухани жаңғыру» жалпы ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі Петропавл қаласы, «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған

«Рухани жаңғыру» жалпы ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі Петропавл қаласы,  «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған

15.02.2020

Еріктілер жылы

Президентіміз Қ.К.Тоқаев 2020-жылды "Еріктілер жылы" деп жариялаған болатын

15.02.2020

Жұлдызды дода-2020

Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен қазақ мектептері арасында өткізілген "Жұлдызды дода-2020" атты ән байқауы

15.02.2020

Хакім Абайдың даналығы

Хакім Абайдың даналығын, шығармашылығын насихаттау мақсаты

15.02.2020

Қала мектептері арасында театрландырылған ағылшын тілінде "Wonderfest" Республикалық өнер Фестивалі

14 ақпан 2020 ж  Нұр-Сұлтан  қаласында  "Edustream" халықаралық оқу орталығы мен халықаралық " Express publishing" баспасы  бірлесе отырып  ұйымдастырылған   қала мектептер арасында  театрландырылған  ағылшын тілінде  "Wonderfest" Республикалық өнер Фестивалі  болып  өтті. Нәтижесінде 78 мектеп - гимназиясының 9-10 сынып оқушылары 3 орынға ие болды.  Жетекшісі: АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ  ИЗЕЙ НҰРЖАМАЛ ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ

15.02.2020

Үздік авторлық бағдарлама

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы ұйымдастырған "Үздік авторлық бағдарлама"

15.02.2020

«Сарыға таста!» экологиялық акциясы

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен қалдықтарды бөлектеп жинауға байланысты «Сарыға таста!» экологиялық акциясы аясында 2020 жылдың 15 ақпан күні сағат 14:30-17:00 аралығында «Хан Шатыр» ойын-сауық және сауда орталығына 6 «Г» сыныбының оқушылары мен сынып жетекшісі Ергалиева Файнура Балташевна және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Абильдина Гульбаршын Орынбековна барды.
«Сарыға таста» акциясының мақсаты - тұрмыстық қалдықтарды бөліп жинау жобасын қолдау.
Оқушылар өздерімен бірге үйлерінде жинақтаған пластик бөтелкелер мен макулатура алып келіп, сары контейнерлерге тастады. Акция барысында қатты тұрмыстық қалдықтарды қалай бөлектеп сұрыптауға болатынын және сары контейнерлерге қайта өңделетін қалдықтарды (қағаз, пластик, шыны, алюминий, т.б.), ал жасыл контейнерлерге тағамдық қалдықтарды тастау керек екендігі жөнінде ақпарат алды. Бұл акция оқушыларымыздың экологияға, табиғатқа деген жауапкершіліктің сезінуіне себепші болды!

14.02.2020

«Абай әлеміне саяхат» тақырыбында Ұлы ақынның өлеңдері сюжетіне салынған суреттер конкурсы

Жоспар бойынша 2-4 бастауыш сынып оқушыларының «Абай әлеміне саяхат» тақырыбында Ұлы ақынның өлеңдері сюжетіне салынған суреттер конкурсын өткізіліп жатыр.

14.02.2020

«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»

«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»атты іс-шарадан ақпарат

14.02.2020

«Абайтану» кабинетінің ашылуы

14 ақпанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Абай шығармашылығын дамыту, эстетикалық тәрбие беру, өнерге баулу, ата-баба мұраларын қастерлеуге тәрбиелеу, оны зерттеу мақсатында мектебімізде «Абайтану» кабинеті ашылды. Кабинеттің ашылуына орай ақын, жазушы, сыншы, Қазақстан Жазушылар Одағының Мүшесі - Нұрмұқан Жанұзақұлы, «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры - Сайлаубай Ерлан Ерназарұлы,  «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институты директорының орынбасары - Кәріпбаев Жанбота, Қазақстан Республикасының Білім ісінің  үздігі Ы.Алтынсарин медалінің иегері, «Құрмет» ордені иегері Мыңжасарова Төлебике Атығайқызы, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан-Ресей университеті, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры - Алмахан Мұхаметқалиқызы, Білім басқармасының бас маманы - Аманкельдиева Асыл Аманкельдиевна, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы», «Тілдерді дамыту, талдау және ұйымдастыру» бөлімінің бас маманы - Елембаева Гауһар Арыстанқызы, Ұлағатты ұстаз, «Абай-Шәкәрім» орталығының меңгерушісі - Халесова Роза Ғарифоллақызы, критериалды бағалау бойынша аймақтық үлестіруші - Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызы, Қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі, зерттеуші-педагог –Хамзина Гүлшат Сабыржанқызы келді.

«Абайтану» кабинетінің  ашылуына арналған іс - шара қонақтарын мектепке кірген кезден бастауыш сыныптың 175 оқушысы Абай өлеңдерін жатқа оқып қарсы алып, мұғалімдер ұмымы және жоғары сынып оқушылары Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындады. Іс-шарамыз «Абай даналығы» атты  қойылыммен жалғасты. Қойылым барысында оқушылар Абай қара сөздерін жатқа айтып, Абайдың даналы сөздерінен үзінді оқыды.

«Абайтану» кабинетін ашу рәсімі ақын, жазушы, сыншы, Қазақстан Жазушылар Одағының Мүшесі Нұрмұқан Жанұзақұлына, «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры Сайлаубай Ерлан Ерназарұлына, Ұлағатты ұстаз, «Абай-Шәкәрім» орталығының меңгерушісі Халесова Роза Ғарифоллақызына, критериалды бағалау бойынша аймақтық үлестіруші Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызына берілді. Қазақ халқының ырымымен Нұрмұқан атамыз  батасын беріп, Төлебике Атығайқызы мен Роза Жукашқызы шашуын шашты. «Абайтану» кабинетінде «Абайдың ән әлемі» тақырыбында зерттеу сабағы жүргізіліп, 11-сынып оқушылары Абайдың ән әлемі жайлы  дөңгелек үстел барысында қонақтарымызбен пікір алмасты. Сабақ барысында мектебіміздің оқушылары, ата-аналары  Абай әндерін орындады. Келген қонақтарымыз оқушыларымызға тілектерін айтып, мектебімізге алғыстарын білдірді.