Меню KDT

Новости

Главная Новости

14.02.2020

#Бізбіргеміз челленджін Покровка орта мектебі оқушылары қолдаймыз!

#Бізбіргеміз челленджін Покровка орта мектебі оқушылары қолдаймыз!

14.02.2020

Жеңімпаздар!

Жеңімпаздар
2020 жылдың 11 ақпанында №21 мектептің ІІ ауысымында 5-7 сыныптарда  «Жарқын болашақ» облыстық олимпиадасының жеңімпазы ,  «Зият юниор» қашықтықтан оқыту олимпиадасының І мен ІІ және ІІІ дәрежелі жүлдегерлері мен «Тіл-тәуелсіз мемлекеттің  символы» атты республикалық онлайн олимпиадасының  ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдар иегерлері марапатталды. Сонымен бірге спорттық сайыстардың жеңімпаздары да марапатқа ие болды.

14.02.2020

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Адамзаттың Абайы» тақырыбында әдеби-танымдық бағдараламасы ашылды

Бүгін  мектебімізде Абай Құнанбайұлының  175 жылдығына арналған «Адамзаттың Абайы» тақырыбында әдеби-танымдық бағдараламаның ашылуы өтті. Мектебіміздің өнерпаз оқушылары Абайдың өлеңдерін, даналық сөздерін сахналық қойылыммен жеткізді. Еліміздің темір қазығына айналған Ұлы Абайдың асыл мұраларын өзге тілдерге  аударылғанын дәлелдеп, оқушылар орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқыды.
7 «Ә» сынып оқушысы Жумадиллаев Аян  Абайдың образында Ұлы ақынның өлеңдерінің өміршеңдігін көрсетті.

14.02.2020

" Wonderfest “ ТЕАТР ӨНЕРІ БАЙҚАУЫ

" Wonderfest “ ТЕАТР ӨНЕРІ БАЙҚАУЫ
Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінің кішкентай өнерсүйгіш оқушылары бүгін аталмыш байқауға қатысып, 5000 теңгелік сертификат иеленіп келді. Ағылшын тілінде үлкен сахнада қойылым қойып келген бастауыш сынып оқушылары мен жетекшілері Аққу Төлеуханқызына құтты болсын дейміз!

14.02.2020

АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР

АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР
14 ақпан күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында аталмыш тақырыпта ардагерлермен кездесу болып өтті. Кездесуге Ауған соғысына қатысып, сол оқиғалардың тікелей куәсі болған ардагерлер: Амангелді Ташмуканов, Сәкен Нурушев, Жұмабай Бисенғалиев, Жанайдар Жанабаев сияқты ардагерлеріміз келіп, 150-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Ардагерлермен болған сұхбатта отансүйгіштік, ел үмітін ақтау, ер-азамат намысы, алғашқы әскери дайындық сабағының маңызы мен патриоттық тұлғаның шынайы образы туралы, бейбіт өмірдің қадірі туралы мағыналы әңгіме қозғалды. Оқушылар көкейлеріндегі көптеген сұрақтарға жауап алды, ойланды. Мектебіміздегі бейбіт өмірдің «Жас сарбаздары» өнер көрсетіп, ардагерлер мен сарбаздар сап түзеді, естелікке фотосуреттер қалды. Ал, біз шынайы ниетімізбен ардагерлерімізге мықты денсаулық, ұзақ та берекеге толы ғұмыр тіледік.

14.02.2020

АБАЙ және ҚЫЛҚАЛАМ...

АБАЙ және ҚЫЛҚАЛАМ... Бүгін, 14 ақпан күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінің суретшілері Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, Абай бейнесі мен шығармашылығын өз қылқаламдары арқылы бейнеледі.

13.02.2020

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ-АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗІ

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ-АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗІ

13 ақпан күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінде "Өзін-өзі тану: "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндіктің жабылу салтанатты кеші өтті. "Өзін-өзі тану: "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" деуге әбден лайықты. Себебі, осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылылықтың дәмін себуге болады. Барлық жақсылық атауын үйрететін пән. Осы өткен онкүндіктің қорытындысын шығарып, үздіктерді марапаттау өтті. Іс-шараның келесі кезеңінде "Алтын жүрек анамыз" мәнерлеп оқу, "Руханилықтың мөлдір бұлағы" атты эссе байқауларының нәтижесі бойынша  l, ll, lll орын алған оқушыларды мадақтау грамоталары табысталды. Марапаттау рәсімін мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алимова Зайра Сейлханқызы табыстады. Оқушылардың көңіл-күйлері қуанышқа бөленді. Сонымен қатар  өнерлі оқушылар ән шашуларын шашып, флешмобпен іс-шарамызды аяқтадық.

13.02.2020

«Су мұражайына» саяхат

Өндірістік практика аясында 13 ақпан күні сағат 10.30-12.00 аралығында «Астана су арнасы» МКК өндірістік алаңы, сорғы-сүзу станциясының аумағында орналасқан «Су мұражайына» 9 «Д»сынып жетекшісі Убанова Сауле Хаменовна оқушыларымен бірге экскурсияға барды. Мұражай директоры Канопянова Балкия Боранбайқызы және инженер-технолог Досжанова Жанна Жоламанқызы «Су мұражайы» және сорғы-сүзу станциясының жұмысы туралы танымды да қызықты экскурсия өткізді.
Елорда тұрғындары жыл сайын 90 мың текше метр таза, сүзгіленген суды тұтынады... СУ ӘЛЕМІНЕ саяхаттың нәтижесінде оқушылар ағынды суды үнемдеу керек екендігін және су өңдеу инженер-технологі сияқты керемет мамандық бар екендігі туралы ақпарат алды. Оқушыларға экскурсияның соңында естелік ретінде «Водопровод от А до Я» кітапшалары сыйға тартылды.
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі «Астана су арнасы», Сорғы-сүзу станциясының әкімшілігіне үлкен алғыс білдіреді!

13.02.2020

2019 жылғы 1 желтоқсан мен 2020 жылғы 1 ақпан аралығында "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы" КММ облыстық "БІРЛЕСТІК" жобасы аясында "Үздік авторлық бағдарлама" дәстүрлі облыстық байқауын өткізді.

2019 жылғы 1 желтоқсан мен 2020 жылғы 1 ақпан аралығында "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ  "Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы" КММ облыстық "БІРЛЕСТІК" жобасы аясында "Үздік авторлық бағдарлама" дәстүрлі облыстық байқауын өткізді.

Аталған байқау жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу пәндерінің, элективті курстардың, арнайы курстар мен таңдау курстарының авторлық бағдарламаларын құратын үздік педагогтардың озық авторлық тәжірибесін анықтауға және таратуға бағытталған.